Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Мұнайлы Маңғыстау облысында "Батыр" ауылы ауыз суға зар болып отыр

AstanaTV
17.08.2020ж. 20:00
4637
Мұнайлы Маңғыстау облысында "Батыр" ауылы ауыз суға зар болып отыр

Мұнайлы Маңғыстаудағы "Батыр" кенті ауыз суға жарымай отыр. Жермайға бай ауыл тұрғындарының су сатып алып жүргеніне 10 жылдан асқан. Ауыз суға зар болған елді мекен халқы бүгін редакциямызға телефон шалды. Бір қызығы су құбыры ауылда бар. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын тартылыпты. Алайда, жарытып су берілмеген. Телефон соққан тұрғындар әкімдіктен жасқанатын сияқты. Өйткені, бізге хабарласқан көрермен аты-жөнін айтқысы келмеді.

БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір аптасына бір-ақ рет жібереді. Напормен жібереміз деген. Алайда напор да, су да жоқ. Енді түк те сусыз қалдық. Водавозбен он мың, сегіз мыңға сатып алдық. Одан водавоз қосты акимат үш мыңнан.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
 
Осы мәселе бойынша Маңғыстау облысы, Мұнайлы  ауданының шенділерімен хабарласып көрейік. Тікелей байланысқа аудандық баспасөз хатшысы Талшын Қошкелдиева шығып отыр екен. Талшын ханым, қайырлы кеш!  Ауылға су тартылса да , неге әлі күнге дейін халық сусыз отыр? Халық - сатып алатын судың бағасы да қымбат деп отыр. Су қашан беріледі?

Талшын ҚОШКЕЛДИЕВА, МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Мәселе қазір толыққанды шешілді. Су аптасына екі рет беріледі. Күнделіті беру үшін суға жауапты серіктестік шараларды қабылдап жатыр. Оны облыс әкімі де бақылауға алды.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Өз сөзіңізде ауданға қарасты 7 ауылда су мәселесі бар екенін айтып өттіңіз. Бұл деген шамамен 100 мыңға жуық адам судан тарығып отыр деген сөз. Мәселе толыққанды қашан шешіледі?

Талшын ҚОШКЕЛДИЕВА, МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бұл мәселе бізде республика деңгейінде қаратсырылып жатыр. Келер жылы толыққанды шешіледі деп ойлаймын.

Сұхбатыңызға рақмет! Байланыста болған  Мұнайлы  ауданының баспасөз хатшысы Талшын Қошкелдиева. Қымбатты көрермен, телерепортер айдары қайтадан іске қосылды. Енді сіздің де өзекті, көкейкесті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

Ғ.Өтемісов