Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елге ауыр есірткі түрлері қалай кіріп жүр?

AstanaTV
18.08.2020ж. 20:00
4227
Елге ауыр есірткі түрлері қалай кіріп жүр?

Елде, есірткі бизнесі есірді. Пандемия жағадан алған шақта ішкі нарық "ауыр" есірткі заттарына толып кеткен. Наркодиллерлердің еркінсігені сол, анашаны олар қаппен арқалап жүретін болыпты. Жамбыл облысының тәртіп сақшылары жуырда сондай заңсыз саудагердің бірін қуып жүріп, ай даладан ұстады. Қаптан 50 келіге жуық марихуана табылған. Шығыста да жағдай мәз емес. Онда, 160 дана гашиш анықталды.

Бұл видео шулы-Шудан келді. 45 жастағы наркодиллер бір қап анашаны арқалап қашып барады. Ұлттық ұландар оны құмды шөл далада қуып жетті. Қаптан 50 келіне жуық марихуана табылды. Жапан далада ол не қылған жалғыз диллер? Әлде сыбайластары бар ма? Ол енді тергеу кезінде анықталады.

Ал, өскемендік нарко-бинзесмендер қап арқаламайды. Олар, Алматыдан шығысқа есірткіні тонналап жүк көлігімен тасуда. Бұған ресми логистикалық компаниялардың қызметін пайдаланады. Құжатта әрине тұтынушылар тауары ретінде көрсетіпті. Есірткі заттарын олар облыс бойынша сатып, қалғанын Ресейге "экспорттап" отырған. Ұсталғанда 160 қаптама гашиш табылды.

Талғат ШАЯХМЕТОВ, ШҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Есірткі тасымалына қатысы бар үш күдікті ұсталды. Олардан 1,5 млн теңгенің 7,5 келі есірткі заттары табылды.

Өскемендік наркодиллерлердің топ мүшелері толықтай анықталды. Олар сот үкімін күтіп отыр. Қылмыстары дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бірақ, заңсыз есірткі сауда айналымы әлі күнге ауыздықталмай отыр. Жүгенсіз кеткен "наркобарондар" осы күнде трансұлттық топқа айналған. Олар, есірткіні Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғыз елінен жеткізіп жүр. Бұл - "Оңтүстік арна". Ал, "Солтүстік арна" бағытымен есірткілер Каспий арқылы Иран мен Қапқаз елдерінен келеді екен.

Д. Мұхаммедкәрім