Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Түркістан облысында жүзден астам отбасы ауыз сусыз отырғанына 13-ші күн

AstanaTV
18.08.2020ж. 20:00
3589
Түркістан облысында жүзден астам отбасы ауыз сусыз отырғанына 13-ші күн

Түркістан облысында жүзден астам отбасы тамшы суға зар болып отыр. Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылына қоныстанған халық соңғы уақытта балшық аралас суды тұндырып ішуге мәжбүр. Бірақ оған да зар болып отырғандырын айтып арнамызға шағымданды. Айтуларынша күндеріне жарап тұрған су торабының өзі жекенің  меншігінде. Ал жергілікті биліктен қайыр шамалы деген жұрттың базынасын әріптесім Айзада Төребекқызы тыңдап қайтты.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Шұбарсу елді –мекені, «Асар» алабы тұрғындарының күніне жарап тұрғаны осы үлкен бөшке. 130 үйге осы жерден су тарайды. Алайда бүгін 13-ші күн, халық тіршілік нәрінсіз отыр.

80 метр тереңдіктен су алып отырған ұңғыма істен шықты, дейді тұрғындар.

ДЫБЫСТЫҚ ЖАЗБА:

Ішін тазалауға бур таппай жатырмыз. Іздеп жатырмыз, іздеп жатырмыз ешжерде жоқ. –Оны өздеріңіз істейсіздер ма?-Өзіміз істейміз ғой, кім істейді басқа. Үкімет кеп қарасып жатқан жоқ. Осы ауыл істеп жатыр бәрін.

ДЫБЫСТЫҚ ЖАЗБА:

Суға барайық, әй қызым, жүр шық, ..анау ауылға суға барайық.

Көпбалалы Анар Сырымбетованың таң атпай жұмысы су іздеуден басталады. Жалғызбасты ана бес баланың ішер асы мен кір-қоңын жууға тамшы су таппай қалатынын айтады.
 
Анар СЫРЫМБЕТОВА, ТҰРҒЫН:

Су мәселесімен арғы ауылға көшеге суға бара жатырмыз, біреуі береді, біреуі бермейді. Көргеніміз осы. Қанша күн болды уже, бір жиырма күннен асып қалды, мүлдем су жоқ.

«Асар» алабында су жоқ емес. Лай аралас ақса да аулаға су келіп тұрған.
 
Базаргүл ДҮЙСЕНБАЕВА, ТҰРҒЫН:

Көлігі барлар әкеледі. Біздер көлік жалдаймыз. Ол бір кеп толтырып кетеді  4-5 ыдысқа, ол не болады?,. кір жумаймыз, бас жумаймыз, үнемдеееп қасықтап отырамыз.
 
Жүзден астам үйдің күніне жарап тұрған су ұңғымасы жекенің меншігінде, кооперативке қарайды екен. Тұрғындар өз арасынан жауапты етіп төраға сайлап қойған. Тек жөн жобасын сұрай алмадық. Ауылда жоқ көрінеді. Ал шырылдап әкімдіктің табалдырығын тоздырып жүргендер Шұбарсудың шенділері бар жауапкершілікті өзімізге арта салды деп отыр.
 
Айман ЖАБАЛИЕВА, ТҰРҒЫН:


Біз әкімшілікке бардық Тұрсынбаев Әнуарға барып едік, оның орынбасары бізге айтты: «өз күндеріңді өздерің көріңдер, трубаны сатасыздар ма, ақша жинайсыздар ма, өздеріңіз шешесіздер. Біз жеке меншікке қарамаймыз. Біз көместеспейміз деп бізге айтты.

Тұрғындар жетпеген ақшаны ортадан жинап шаршағандарын жасырмайды. Сондықтан ауданның балансына алынса дейді. Ал шенділер Шұбарсуда Асар сынды 88 алаб барын алға тартты. 40 мың халық тұрады. Ордабасы ауданының жауаптылары меншігіне алу үшін орталықтандырылған су жүйесін жүргізудің қарекеті жүріп жатқанын жеткізді.

Арман ЫСҚАҚОВ, ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
 
66 массив жеке –жеке скважина болғаннан кейін оған субсидия төленбейді. Субсидия төленбегеннен кейін судың кубы 70 теңге болса халықтар 70 теңгеден төлеуге мәжбүр болады да. Сол себепті қазір орталықтандырылған су жүйесі қосылғаннан кейін, субсидияланғаннан кейін барлығы мемлекет меншігіне алынатын болады. - ол қашан?- бірінші кезеңге 650 абонент алынады.

Ал асарлықтар бір апта он күн шамасында қазіргі ұңғымадан таза су ағызып береміз деп сендірді. Ол үшін суға жауапты мекемені жұмылдырғанын жеткізді.

А. Төребекқызы