Қостанай – 2 мөлтек ауданы тұрғындарының батпақ кешіп жүргеніне бір айдан асты. Коммуналды қызметтердің жолды астан-кестен қопарып тастағанына осынша уақыт болды. Жоспар бойынша көгілдір отын құбыры тартылуы керек еді. Газ тартылды, алайда жол- сол қалпы шұңқыр болып қала берді. Ми балшықтан адам түгіл техника өте алмайды. Тұрғындар аудан атқа мінерлеріне бірнеше рет шағымданыпты. Нәтиже жоқ көрінеді. Көрермендер жіберген видеоға назар аударайық.
Осы мәселе бойынша Қостанай қалалық әкімдігіне хабарластық. Қазір бізбен тікелей байланыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Наурызбай Мусин. Наурызбай Жасұланұлы, қайырлы кеш. Проблеманы білесіз, халық бірнеше рет айттық дейді. Алғашқы сұрақ, газ құбыры жүргізіліп болған соң неге бірден жолды жөндемеген?
Наурызбай МУСИН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі таңда «Дорстройматериал» компаниясы сол жерде жұмыс жасап жатыр. Алдымызда 6 көше тұрған еді. Бірінші газ құбыры өткеннен кейін жол жұмыстары қыркүйек айына жоспарланған отыр.
Наурызбай МУСИН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі таңда «Дорстройматериал» компаниясы сол жерде жұмыс жасап жатыр. Алдымызда 6 көше тұрған еді. Бірінші газ құбыры өткеннен кейін жол жұмыстары қыркүйек айына жоспарланған отыр.
Жедел-жәрдем көлігі өте алмай қалған. Біреуге шұғыл медициналық көмек керек болса ше? Құдай сақтасын, ойлаудың өзі қорқынышты. Қашан жөнделеді енді?
Наурызбай МУСИН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қыркүйек айының 20-сына дейін толық бітіреміз.
Аз уақыт емес, осы уақыт аралығына қосымша жол ұсынбайсыздар ма? Қарастыру керек қой, көмек керек болып жатса не болады? Жасайсыздар ма?
Наурызбай МУСИН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Түсінікті. Жасаймыз. Қазір жаңбыр жүріп жатқандықтан сондай жағдай болып қалды.
Наурызбай мырза, бізге хабарласқан көрермендердің мәселесі ешқашан назардан тыс қалмайды. Қажет болса өзіміздің түсірілім тобымызды жіберіп, бақылауға аламыз. Сондықтан қажетті жұмыстарды уақытында жасасаңыздар. Сұхбатыңызға рақмет! Бізбен тікелей байланыста болған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Наурызбай Мусин. Қымбатты көрермен, телерепортер айдары қайта іске қосылды. Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмірге хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.
Ә. Өмірзақ