$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оңтүстік Қазақстанда ұжымның басым бөлігі қарсы шыққан директор қызметінен кетті

AstanaTV
26.09.2017ж. 20:00
6168
Оңтүстік Қазақстанда ұжымның басым бөлігі қарсы шыққан директор қызметінен кетті

Оңтүстік Қазақстанда мектеп директорының қызметтен кетуін талап еткен ауыл тұрғындары мен бір топ мұғалімнің талабы орындалды. Сайрам ауданы Әсіл арық ауылындағы білім мекемесінің басшысы орнын босатқан. Мұны аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары растады.

Мұхитдин Қожамқұлов, Сайрам аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары:

Жұмабек Қатира өз қызметінен босату туралы Қолдасованың бұйрығы шыққан, өз өтініші,  жеке өтініші бойынша. Жеке өтініші, ол кісі өзінің өз еркімен қызметінен босатуын сұрап жазған хаты негізінде шығарылды.

Қазір арнайы комиссия бұрынғы басшының өз міндетін қаншалықты дұрыс атқарғанын және балаларға берілген білім сапасын тексеріп жатыр. Білім бөлімі сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне мектепте «ақша жинау» дәйегін тексеру туралы хат та жолдаған.

Бұған дейін Әсіл арық ауылындағы № 49 Шоқан Уәлиханов мектебінің ұжымы мектеп директоры "ақша жинауды тым жиілетіп жіберді" деп шағымданған еді. Ал ауыл тұрғындары соңғы он шақты жылда білім көрсеткіші жағынан алдыңғы ондыққа кірген мектепте білім сапасы күрт төмендеп кеткенін айтып, тіпті кейбірі баласын бұл мектепке оқытудан бас тартқан болатын.