Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атырауда сотталғандарды жұмыспен қамтып, кәсіп ашуына көмектесетін пробациялық орталық ашылды

AstanaTV
26.09.2017ж. 20:00
3285
Атырауда сотталғандарды жұмыспен қамтып, кәсіп ашуына көмектесетін пробациялық орталық ашылды

Ал атыраулық сотталғандар үшін түзу өмір сүруге тағы да бір мүмкіндік туды. Атырау облысында пробация орталығы ашылды. Мақсат - жазасын өтеп шыққандарды жұмыспен қамтып, қоғамға бейімдеу. Сонымен қатар, түзету мекесінен шыққандарға әлеуметтік-құқықтық көмек те көрсетіледі. Қазір облыста 160 жазасын өтеп шыққандар жұмыссыз отыр. Ал пробациялық есепте тұрғандар саны 1 мыңға жетеді.

Атыраулық Нұрлыбек Келдіғалиев ұрлық жасағаны үшін 3 жыл 6 ай шартты түрде жазасын өтеп жүр. Алайда, Нұрлыбекке билік екінші рет мүмкіндік берді. Оның жазасы болса да, ел қатарлы жалақы алып, күзетші қызметін атқарып келеді. Пробация қызметкерлері оған осы жұмысты тауып берген. 

Нұрлыбек Келдіғалиев, сотталған:

Осы дұрыс жұмыс қарап, міне уақытша күзеттемін әзір. Өзім дұрыс жұмыс қарап, вахталық жұмыс қарап жүрмін. Пока шақырмай жатыр. Осы пробацияға көп рахмет айтамын. Жұмысқа кіргізгені үшін.

Пробация қызметі ашылғалы бері Нұрлыбек Келдіғалиевтен өзге 34 сотталушы көмек алған. Олардың үшеуі денсаулық басқармасының мамандарының психологиялық қызметтеріне жүгінген. Ал жұмыспен қамту қызметіне екі қолға бір күрек іздеп жүрген 23 адам жолығыпты.

Ғарифолла Төрекешов, Атырау қ. пробация қызметінің басшысы:

Қазір еліміздің қойып отырған басты мақсаты - осы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету. Сол арқылы оларды қоғамға бейімдеу болып отыр. Осы мақсатта бүгінгі таңда пробация орталығы ашылды.

Пробация орталықтары Атырау облысындағы Исатай, Қызылқоға, Мақат аудандарында ашылған. Мұндағы пробациялық қызмет тіпті сотталушылардың жеке кәсіп ашып, несие алуы үшін де қолдау көрсетеді екен.