Праймеризге қатысып, тіркеуден өткен 26 астаналыққа бүгін кандидат куәлігі берілді. "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимовтың айтуынша, бұл құжат үміткерлердің жұмысын жүйелендіру үшін қажет. Жалпы елордада праймеризге қатысу үшін 46 адам өтініші білдіріпті.
Ерлан ҚАНАЛИМОВ, NUR OTAN ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгін барлық ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне осындай куәлік берілді. Түстеріне ғана байланысты, біреуі қызыл, көк, жасыл. Жұмыс ыңғайлы болуы үшін істедік. 43 үміткердің 26-і тіркеуден өтті. 29-ы қалалық маслихатқа, қалғаны мәжіліске үміттеніп отыр.
Ерлан Қаналимовтың қатысуымен бүгін сондай ақ тікелей эфир өтті. Әлеуметтік желілер арқылы жүрген онлайн-конференцияда, праймеризге қызыққан тұрғындар сұрағына жауап берілді. Естеріңізге сала кетейін, «Nur Otan» праймеризіне тіркелу тамыздың 28-не дейін жалғасады.
Ә. Өмірзақ