Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

12 мың тұрғыны бар Майқайың кенті жылусыз қалуы мүмкін

AstanaTV
20.08.2020ж. 20:00
3173
12 мың тұрғыны бар Майқайың кенті жылусыз қалуы мүмкін

Павлодар облысына қарасты Майқайың кенті биыл жылусыз қалуы мүмкін. 12 мың халқы бар шалғай ауылда жылудың жыр болғанына бірнеше жылға ұласып келеді. Редакциямызға хабарласқан жергілікті тұрғындар қыстың қақаған суығынан қауіптенеді. Жергілікті әкімдік жылу құбырларын тарту жұмыстарын бастағанымен, қаржы тапшылығынан жұмысты кейінге шегерген көрінеді. Енді қар түскенше, жөндеу жұмысы аяқталмаса ауыл жұртының жағдайы қиындайды деп отыр. 

Қуаныш БОТИН, МАЙҚАЙЫҢ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жылу құбырларының 1677 метрі жөндеуден өтуі керек еді. 14 тамыздан бастап жұмыс тоқтап тұр. Оған дейін де жарытып жұмыс жүргізбеген еді. Енді  9 участок жылусыз қалу қаупі бар.

Осы мәселе бойынша аймақтағы Баянауыл ауданы әкімдігіне хабарластық. Қазір бізбен тікелей байланыста аудан әкімінің орынбасары Қайырберген Қызыров бар екен. Қайырберген мырза, қайырлы кеш. Мәселені естідіңіз, халық бұл түйіткілдің туындағанына бірнеше жыл болды деп отыр. Жылу құбарлары қашан тартылады? Қыста 12 мың адам жылусыз отыра ма?
 
Қайырберген ҚЫЗЫРОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күні кеше құзырлы мекеме басшыларымен жиын өткіздік. Жоспар бойынша 31-ші қыркүйекте аяқталатын жөндеу жұмыстарын 15-ші қыркүйекке дейін бітіруді көздеп отырмыз. Құбыр тарту жұмысын міндетті түрде жылыту маусымына дейін аяқтаймыз.


Сұхбатыңызға рақмет! Қайырберген мырза, біз бұл мәселе шешілгенше өз бақылауымызға аламыз.  Естеріңізге сала кетейін бізбен тікелей эыирдегі байланыста болған Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Қайырберген Қызыров. Қымбатты көрермен, телерепортер айдары қайта іске қосылды. Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмірге хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

Ғ.Өтемісов