Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Гарант 24 ломбардына жем болған тараздықтар облыс әкімдігіне барды

AstanaTV
21.08.2020ж. 20:00
3801
Гарант 24 ломбардына жем болған тараздықтар облыс әкімдігіне барды

«Гарант 24 ломбард» төңірегіндегі дау әлі басылар емес. Алаяқтарға жем болған жамбылдықтар бүгін облыстық әкімдік алдына жиналған. Олар, алдап кеткен ломбардтың Тараздағы филиалы бас есепшісінің әлі күнге бостандықта жүргеніне наразы. Сондай ақ олар, алаяқтар қалтаға басқан қаражатта Үкімет қайтарсын дейді. Өйткені, ломбардттың жұмыс істеуіне рұқсат берген солар. Тараздық тілшіміздің бейнематериалы.

Жамбылдықтардың жан айқайына жергілікті билік құлақ аспай отыр. Әкімдік алдына жиналған жұрт әкімдіктің үнсіздігіне наразы. "Гарант 24 Ломбард" ісі тергелуде, дегенге халық нанбайды. Өйткені, алаяқ мекеменің Тараздағы филиал бас есепшісі әлі күнге бостандықта жүр. Оның үстіне әкімдіктен де мардымды жауап жоқ. Елдің аймақ басшысына кіре алмай жүргеніне жарты жылға жуықтапты.

Нұргүл ШАЛОВА, «ГАРАНТ 24 ЛОМБАРД» САЛЫМШЫСЫ:

Қолымызда бәленбай дәлел тұр, папка тұр, флешка тұр жаңағы Арыстанова Ләйләға қарсы. Не РОВД-ы ештеңе істеп жатқан жоқ, қалалық прокуратура іштеңе істеп жатқан жоқ. Болмаған соң біз уже әкімге келдік. Біз әкім мырзаның приемына жазылғанымызға алты ай болды әлі кіре алмаймыз.

Алма ҰЛДАНОВА, «ГАРАНТ 24 ЛОМБАРД» САЛЫМШЫСЫ:

Жүрміз осылай сенделіп. Акиматтың алдына барамыз, жаңағы главный бухгалтері Ләйләнің үйне барамыз. Сондықтан біз наразымыз негізі, реншіміз бар.

Ломбардқа алданған тараздық аз емес. Кейбірі, алаяқтарға соңғы мүлкін сеніп тапсырған. Тақырға отырғандар енді оған Үкіметті айыптап отыр. "Жұмысына рұқсат бермеу керек еді", дейді олар.

Нұргүл ШАЛОВА, «ГАРАНТ 24 ЛОМБАРД» САЛЫМШЫСЫ:

Екі жыл олар свободно жұмыс істеген. Біздің әділет басқармасы барғой управление юстиции ол кісілер рұқсат берген ол қағазымызда бар қолымызда. Өздері рұқсат беріп екі жыл істеген. Біз сол жаңағы Арыстанова Ләйлә ақшамызды қайтарсын, не болмаса соларға рұқсат берген өкімет ақшамызды қайтарсын деп келіп тұрмыз сұранып.

Әкімдіктен кейін жиналған жұрт облыстық полиция департаменті алдына барды. Олар, істің жылдам шешілуін талап етіп отыр.

Асылхан ЗАУРБЕКОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қылмыстық іс қазіргі таңда ІІМ тергеу департаментіндегі тергеушілердің өндірісінде. Жәбірленушілердің қылмыстық іс бойынша қосымша дәлелдемелерді қабылдап іске тіркеу үшін бір қатар мәселелерін шешті.

Аймақта, Гарант 24 ломбард-қа жем болған екі мың адам бар. Іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Алданған жұрттың ақшасы, нақты қашан қайтатыны әзірге белгісіз.

Б. Жұмабайұлы