$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбе тұрғынын үйіне келген қонағы тонап кеткен

AstanaTV
21.08.2020ж. 20:00
3170
Ақтөбе тұрғынын үйіне келген қонағы тонап кеткен

Ақтөбе тұрғынын үйіне келген қонағы тонап кетіпті. Бірақ бұл ұрлықтың бір өзгешелігі бар. Қонағы үй иесінің ақшасын ұялы телефондағы қосымша арқылы өзіне аударып алыпты. Оны "қонақжай ақтөбелік" кейіннен білген. Келтірілген деректерге қарағанда, қала тұрғыны полицияға ұялы телефонын жоғалтып шағымданған. Тергеу барысында, смартфонда қонағы алып кеткені және ішіндегі қосымша арқылы 320 мың теңгені алып қойғаны анықталды. Қонаққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Соңғы бір жыл ішінде Ақтөбеде осыған ұқсасас 12 заңбұзушылық тіркелегенін айта кеткен жөн.

Данияр ӘЛИМҰХАМБЕТ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары барысында Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды. Яғни ол ұрланған телефоннан Каспий қосымшасы арқылы құпия нөмірін теріп, өз Каспий картасына 320 мың теңгені аударып алған.

Б. Рақметова