Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Бүгін "Nur Оtan" праймеризініне өтініш бергендер күн сайын артып жатыр

AstanaTV
25.08.2020ж. 20:00
2059
Бүгін "Nur Оtan" праймеризініне өтініш бергендер күн сайын артып жатыр

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға өтініш білдіргендер саны бүгінге дейін 8 мыңнан асқан. Олардың 32 пайызы - қыз-келіншектер, 22 пайыздан астамы жасы 35-ке толмаған жас буын өкілдері. Сондай жергілікті жастар қауымдастықтары ұсынған үміткерлердің бірі оралдық Мержан Әбілқас. Ол жастарды баспанамен, жұмыспен қамту ісін жетілдіруге ат салыспақ. Оның сөзінше, қазір замандастарының мүмкіндігі мол. Бірақ соны пайдалану жолдарын біле бермейді. Сондықтан осы олқылықты түзеуге күш салу керек, деді.

Мержан ӘБІЛҚАС, "NUR OTAN" ПАРТИЯІШІЛІК САЙЛАУЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Мен қазір тек өзім үшін жұмыс істеп жатырмын. Қоғамға, басқа адамдарға да пайдам тисін деп праймеризге қатысқанды жөн көрдім. Қазіргі кезде жастардың да мәселелері өте көп. Соларды шешуге ат салысқым келеді. Әрине, дайын механизмдері бар. Соларды ұлғайтып, әрі қарай дамытып, жаңа идеялар қосуымыз керек деп ойлаймын.

Он шақты жыл бойы өңірдің жастар саясатына белсене қатысқан Мержан Әбілқасғ қазір жеке кәсіппен айналысады. Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 200-ге тарта адам партияішілік сайлауда бағын сынау үшін тіркеуден өтіпті.

Е. Карин