Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістан облысында қару ұрлап қашқан әскери сотқа түсінік берді

AstanaTV
26.08.2020ж. 20:00
3340
Түркістан облысында қару ұрлап қашқан әскери сотқа түсінік берді

Түркістан облысында әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлады деп айыпталған кіші сержант өз әрекетін, "Командирлердің бірінің бұйрығын орындадым", деп түсіндірген. Соттың бүгінгі отырысында қылмыстық істің басты фигуранты Абылай Балғынбай аты шулы оқиғаға қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, бұл іске әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы Ержан Дауытов итермелеген. Ол тіпті қорқытты деп отыр. Соның тапсырмасымен сарбаз қаңтардың 13-і күні әскери бөлімнен тапанша алып шығып, тығып қойған.  Екі аптадан соң 11 тапаншаны ұрлап әкеткенін баяндады. Ал, ақпан айының 19-ына тапаншадан бөлек бірнеше автоматпен қоса оқ-дәрілерді қоймадан алып шыққанын айтты. Сотта жауап берген әскери өзі ұрлап әкеткен алғашқы тапаншаны сыбайластары арқылы 120 мың теңгеге сатқанын да жасырмады. Одан көрген пайдаға командирінің кездесіп жүрген қызына гүл әпергенін де жайып салды.

Абылай БАЛҒЫНБАЙ, АЙЫПТАЛУШЫ:

Майор Дауытов Ержан Есімұлы , ол кезде әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы сол кісі ұсыныс білдіріп, егер келіспеген жағдайда менің туысқан әкемнің ағасының баласы менімен бірге бір недже жұмыс істеймін, сол ағаңды және өзіңді бір күнде жұмыстан шығарып қуып жіберемін деді. Егер ұсталған жағдайда мені білесің ,ағам бар, әскери полицияның бастығы..подполковник Дауытов, атын білмейм.

Еске салайық, биылғы ақпан айында Түркістан облысында кіші сержант қызметкері қоймадан қару-жарақ ұрлап,  20-сына қараған түні  қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалған болатын. ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері жүргізген жедел операция кезінде ол көп ұзамай Алматыдан ұсталғанын айтқанбыз.

А. Төребекқызы