Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістан облысында аударылған автобус техникалық жөндеуден шыққан

AstanaTV
26.08.2020ж. 20:00
3290
Түркістан облысында аударылған автобус техникалық жөндеуден шыққан

"Алматы-Ташкент-Термез" тас жолында бүгін таңға жуық автобус аударылып қалды. Түрлі жарақаттармен 25 жолаушы ауруханаға жедел жеткізілген. Тіпті жансақтау бөліміне түскендері де бар. Полиция қалаАралық жолаушылар көлігінде 21 адам болды дейді. Кімдікі дұрыс? Сондай-ақ, тәртіп сақшылары көліктің Алматыда техникалық жөндеуден шыққанын айтты. Карантинде жолаушы тасымалын жанданДырған ба? Әріптесім Айзада Төребекқызы мән-жайды анықтап көрді.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қалааралық жолаушылар автобусы Машат асуына жетпей аударылған. Бұл жер Шымкенттен шамамен 45 шақырымдай қашықтықтағы жер. Полицияның алдын ала болжамынша апатқа ауа-райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.

Автобус бір жақ бүйірімен сайға құлаған. Оқиға орнынан түсірілген мына бейнекадрде мамандар апатқа ұшыраған автобустан жолаушыларды шығаруға жәрдемдесіп жүр. Сайрам ауданының орталық ауруханасында дәл қазір сегіз адам жатыр. Ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде түскен үшеудің жағдайы тұрақты деді дәрігерлер. Оның бірі автобус жүргізушісі  екен.    

Төлеген ҚҰРАЛБАЕВ, САЙРАМ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ  МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:


Ауыр әртүрлі жарақаттармен жатыр. Үшеуінің де жағдайы тұрақты. Ем қабылдап жатыр, дәрігерлердің бақылауында. Медициналық көмекке жүгінгендердің екеуі облыстық клиникалық ауруханасына жолданды. Оның ішінде біреуі жүкті әйел. Оларда да бас ми шайқалуы, жұмсақ тіндердің соғылуы осындай түрлі жарақаттармен жолданып отыр.

Автобус ішіндегі жолаушылардың жетеуі бала. Абырой болғанда ауруханаға түскендердің ешбіріне әзірше ота  жасау қажеттілігі туындамапты. Қазір жол-көлік апатының себеп-салдарын полиция анықтауда. Алдын ала болжам бойынша көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмаған.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда анықталғандай осы автобус күрделі жөндеу Алматы қаласында өткен  және де Алматы қаласынан Сарыағаш қаласына бара жатқан жолда осындай жол көлік оқиғасы орын алған. Ал мына автобустың ішіндегі жолаушылар жол жөнекей мінген азаматтар.  


Шын мәнінде аталған автобус жолаушы тасымалымен айналыспаған ба, бұл жағы тергеу кезінде мәлім болмақ. Осы жәйтке байланысты Түлкібас аудандық полиция бөлімінде сотқа дейін тергеу амалдары басталып кетті.

А. Төребекқызы