Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елордада бір тәулікте 300-ден астам құқық бұзушылық тіркелді, - ПД

AstanaTV
26.08.2020ж. 20:00
891
Елордада бір тәулікте 300-ден астам құқық бұзушылық тіркелді, - ПД

Елордада бір тәуліктің ішінде 300-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Арасында карантин ережелеріне бағынбаған азаматтарда бар. Қалалық полиция департаментінің мәліметі - Осы. Арнайы мониторинТтік топ түңгі рейдке шықты. Олар әп-дегеннен сауық кешінің ортасынан түсті. Десе де жауапкершілік, той тойлаған жастарға емес, мекеме әкімшілігіне жүктелді. Әріптесім Асылбек Данияр тақырыпты жалғастырады.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Бүкіл дүниежүзінде таралып жатқан коронавирус инфекциясы салдарынан Қазақстанда да осыдан 5 ай бұрын карантиндік талаптар күшейтілген болатын. Десе де елордада қанша тыйым салғанымен дәл қазір өздеріңіз көріп тұрғандай санитарлық талаптарды елемейтін адамдарды көруге болады.

Белгілі болғандай, бұл караоке клуб осымен карантинді 5-ші рет бұзып отыр. Десе де көңіл көтеретін орынның басшылығына сабақ болмаған сияқты. Ашық даладағы дәмхана мен мейрамхана ішіндегі вип-залдары адамға лық толы. Камера мен полицейлерді көрген жастар тез арада тарап үлгерді. Кейбірі сатып алған ішімдіктерін алып, қаша жөнелді. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, түнгі 11-ден кейін жұмыс істегені үшін бірнеше рет айыппұл да салынған.  

Мейірман ӨТЕПОВ, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:

Азаматша бұған дейін төрт рет ереже бұзды. Біз ескерту жасап, айыппұл салғанда "келесі жолы қайталамаймыз" деп уәде береді. Бірақ өздеріңіз нәтижесін көріп отырсыздар. Бас санитарлық дәрігердің 15 тамыздағы қаулысына сәйкес жазғы дәмханаға келушілер 30 пайыздан аспауы тиіс. Бірақ бұл ереже толығымен сақталмаған.

Ал, мейрамхана қожайыны болса клубтың уақтылы жабылмауына адамдарды кіналады. Ол бұған дейін 759 мың теңге көлемінде айыппұл төлепті. Енді тағы 638 теңге төлеуге міндеттелді. Бір аптадан кешіктірмей төлесе 50 пайыздық жеңілдікте қарастырылған.

Динара УСМАНОВА, КӘСІПКЕР:

Бронь жасаған уақыттың өзінде түсіндіріп айтамыз. Сағат 23:00-ге дейін жұмыс жасаймыз деп. Менің бір қателігім бар  уақытысында менде 102-ге қоңырау шалуым керек еді он бірде шықпай қалған кезде.Он минуттың ішінде мен шығарамын деп үлгердім. Осы уақытқа дейін 3 айыппұл төледім. Соммасы 319 мың теңге.  

Кейбір көңіл көтеретін орындар тексерістен жалтарудың қарапайым әдісін ойлап тауыпты. Олар келушілермен бірге, іште тығылып, есіктерін бекітіп алады.  

Айта кетесем, "Құқықтың тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы тамыз айының 29-на дейін жалғасады. Мақсат: құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және карантиндік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

А. Данияр