Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Праймериз -жаңа есімдерді жария етеді - "Nur Otan"

Праймериз -жаңа есімдерді жария етеді - "Nur Otan"

Праймериз нұротандықтардың қатарын жаңа есімдермен толықтыруда.  "Nur Otan" партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев осылай деді. Оның сөзінше, бұл жолғы партияішілік сайлауда әсіресе қыз-келіншектер белсенділік танытып отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда олардың саны еселеп көбейген. Саяси науқанға қатысуға өтініш білдіріп, тіркеуден өткен 387 үміткердің тең жарымы - қыз, келіншектер. Қазір бір орынға үш адамнан келіп отыр. Бұл - өте жақсы көрсеткіш, дейді нұротандықтар.

Мұрат МҰҚАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі депутаттардың тіркелгендерінің саны бар болғаны 7 пайыз. Яғни, бізге жаңа есімдер, жаңадан тіркеліп жатқан кандидаттар өте көп. Жастардың арасында белсенділігі өте жоғары кандидаттар бар. Қызықты-қызықты ұсыныстарын білдіріп жатыр.


Праймеризге қатысуға өтініш білдіргендердің 32 пайызы - жасы 35-ке толмаған жас буын өкілдері. Бұған қоса көп балалы 12 ана мен 8 мүгедек тіркеуден өткен. Әзірге үміткерлерді тіркеу ісінде тәртіп бұзушылық анықталған жоқ, деді партияның жергілікті өкілдері.

Е. Карин