Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Мектепке жол" акциясы аясында ноутбуктер берілді

AstanaTV
26.08.2020ж. 20:00
1174
"Мектепке жол" акциясы аясында ноутбуктер берілді

«NUR OTAN» партиясы көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды мектепке даярлауды жалғастырып жатыр. Сабаққа қажетті құралдардан бөлек, білім қашықТықтан берілетін болғандықтан, планшет пен ноутбуктарда балаларға сыйға тартылды. Мұқтаж жандарға аталған көмек "Мектепке жол" акциясыНың аясында көрсетілді.

Назиля РАЗЗАК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Жұртшылықтың «NUR OTAN» партиясына өз мәселелерімен жүгінетіні қуантады. Партия әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғайды. Біз шын мәнінде көмекке зәру жандарды таңдадық.

Жаңа техникаға ие болғандардың қатарында Жақсылықовтар әулеті де бар. Жеті баланың анасы мұндай көмекке ризашылығын білдіреді. Айтуынша, қашықтықтан оқу кезінде әрбір балаға компьтер алу қиын. Жасотандықтар бұл оқушыларға сондай-ақ кеңсе тауарларының сертификатын да табыстады.

Гүлжан ЖАҚСЫЛЫҚОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Вот они нам подарили планшет. Спасибо всем.

Нұрзия ҚҰРБАНОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Қуаныштымын. Жаңа оқу джылы алдында жақсы көмек болды. Керек зат.

 А. Құрманкин