Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Праймеризге қатысуға өтініш берушілер саны 10 мыңнан асты

AstanaTV
27.08.2020ж. 20:00
4105
Праймеризге қатысуға өтініш берушілер саны 10 мыңнан асты

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға өтініш берушілер саны 10 мыңнан асты. Тоғыз мыңы кандидат ретінде тіркелді. Басым бөлігі қыз-келіншектер. 35 жасқа дейінгі жастар да қалысар емес.  Саяси додадағы тартыс осылайша күн санап емес, сағат санап артып келеді.  

Праймеризге қатысуға өтініш бергендердің қатарында мектеп директоры Гүлжан Бекенова да бар. Алматылық тұрғын жолдасымен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Соған қарамастан, пандемия кезінде қиын жағдайға тап болғандарға қол ұшын созыпты. Енді қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, елдің дамуына үлес қосуға ниеттеніп отыр.

Гүлжан БЕКЕНОВА, АЛМАТЫ қ. №169 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ойын алаңдарының жетіспеушілігі де мені мазалайды. Оқушыларға, жасөспірімдерге спорт алаңдарының жетіспеушлігі байқалады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында санын көбейтуді көздеймін.

Ал, Алматы облысында да күн сайын үміткерлер тіркеліп жатыр. Тамыздың 17-сінен бері 1071 адам өтініш білдіріпті. 693 адам өз-өзін ұсынса, қалғаны бастауыш партия атынан қатысуда.  

Гүлнар ТОЙЛЫБАЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бірнеше кезеңдерден өтіп, праймеризде дауыс жинағаннан кейін олар  біздің болашақтағы мәслихаттағы, мәжілістегі кандидаттар ретіндегі бұл кісілердің тізімдерін бекітетін боламыз. Бұл кісілердің ішінде ең жоғарғы рейтинг алғандар тізімге бекітілсе, қалғандары партияның қадрлық резервінде болады.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында он күннің ішінде 600 адам праймеризге қатысуға ниет білдірген. Оның 543-і тіркеуден өтті. Аймақта партияішілік сайлаудың әділ өтуі де жіті қадағаланып отыр.

Қазбек МАЙГЕЛЬДИНОВ, "NUR OTAN" ЖАҚТАСТАРЫ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕСІ, САЯСАТТАНУШЫ:

Бұл жердегі басты мақсат тек праймериздің жүру үрдісін көру ғана емес, сонымен бірге жергілікті белсенді азаматтардың осы өңірді дамытуға, шешілмеген келелі мәселелері бар, осы туралы нақты ұсыныстарды есту.

Саясаттанушы ұсыныстардың негізінде праймеризге тіркеу біткеннен кейін әрбір өңір бойынша, қала бойынша Нұр Отан партиясы өзінің бағдарламасын қабылдайтынын жеткізді. Еске сала кетейік, кандитатарды ұсыну және тіркеу мерзімі себіге дейін жалғасады. Ал, дауыс беру қазан айында өтеді.

А. Мүтәлі