Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, өңірдегі БАҚ өкілдерін бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Бүгін аймақ басшысы мен журналситтер ашық пікір алмасты. Тараптар кездесуде өңірдегі күрмеуі қиын мәселелерді қозғады. Оны шешу жолдарын талқылады.
Гүлшара Наушақызының Сыр өңіріне әкім болып келгеніне бес айға жуықтады. Алайда елдегі қалыптасқан карантин жағдайында түрлі форматтағы шаралардың тоқтатылғандығы белгілі. Бүгінгі күні карантиндік шектеулер жеңілдетілген алғашқы сәттен жергілікті тілшілермен кездесті. Әуелі аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелеген облыс әкімі, журналистер пікірінің маңыздығын айқындап өтті.
Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Сіздермен ҚР Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында жүздесіп отырмыз. Басты мақсат пікір алмасып, елдегі болып жатқан, туындап отырған әртүрлі мәселелер жөнінде сіздерді тыңдап, қандай шешілу жолдары бар, қандай іс шара бар қабылдайтын сонымен ақылдасу.
Өңірде қазір 100-ден аса ақпарат құралдары бар. Оның он екісі мемлекеттік, қалғаны тәуелсіз телеарналар мен басылымдар. Оларда екі жарым мыңға жуық журналист қызмет етіп жүр. Сөз алған тілшілер де көкейдегі мәселелерін ортаға салып, бүгінгі кездесудің қажеттілігіне тоқталды.
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ, ГАЗЕТ ТІЛШІСІ:
Биылғы су тапшылығының мәселесін көтердім. Өйткені бұл жылдан жылға байқалып келе жатқан, жылдан жылға өршіп келе жатқан мәселе. Қоғамның бағыт-бағдарын біліп отыру үшін өңірдегі мәселелерді қозғап жүрген журналистердің аузынан білу үшін бүгінгі кездесу өте дұрыс болды.
Жиналған журналистердің көпшілігі ашық ақпараттық алаң қалыптастыру керек деген ортақ пікірді білдірді. Өз кезегінде аймақ басшысы өңірдегі оң өзгерістер мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, алдағы мақсаттағы жүзеге асыру үшін ашықтық пен жариялылыққа дайын екенін жеткізді. Сонымен қатыр баспасөз қызметкерлерінің жұмысын жүйелеу керек деді. Сауалдарға жауап берген Гүлшара Наушақызы, сөз соңында аймақ абыройын асқақтату жолында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
М. Тоқтасынқызы