Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"Жолдауда жүктелген тапсырмалардың уақытылы орындалуы, ел дамуының алғышарты" - Сарапшы

AstanaTV
01.09.2020ж. 20:00
3728
"Жолдауда жүктелген тапсырмалардың уақытылы орындалуы, ел дамуының алғышарты" - Сарапшы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құрылады. Бұл - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауында берген тапсырмаларының бірі. Президент мұндай қадам экономиканы мемлекет иелігінен шығаруда маңызды деп отыр. Сарапшылар да бұл бастама алға жылжу үшін тиімді боларына сенімді.

Серік АҚЫЛБАЙ, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАҢГЕРЛЕРІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ешқандай қосымша өтірік ақпараттардың болмауы үшін статистикаға дейін Президентке бағынатын болады. Мұның бәрі өте керек нәрсе. Осының арқасында біз алға жылжимыз.

«Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Дәулеткерей Рахметуллин мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартуды қолдайды. Бұдан бөлек сарапшы, медицина қызметкерлері мен мұғалімдердің еңбекқасына тоқталды. Жалақыны көтеру кезек күттірмейтін мәселе деп отыр.

Дәулеткерей РАХМЕТУЛЛИН, «ЖАҢАРУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алдымызда үлкен-үлкен шаруалар жатыр. Оны тек мемлекеттік органдар ғана емес, бәрі яғни азаматтық органдар, бизнес өкілдері, мемлекеттік емес ұйымдар атсалысып, білек сыбана кіріссек елдің дамуына үлкен үлес қосар едік.  

Ғ.Өтемісов