Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бірінші қыркүйек - білім күні!

AstanaTV
01.09.2020ж. 20:00
4328
Бірінші қыркүйек - білім күні!

Бірінші қыркүйек - білім күні! Бірақ биылғы оқу жылы, алдыңғыларынан өзгеше. 2 млннан астам оқушы мектепке онлайн барды. Тек мектеп табалдырығын алғашы аттаған 1-ші сынып оқушылары мен ата-анасы ниет білдірген бастауыш сынып оқушылары ғана оффлайн сабаққа қосылды. Қашықтан сабақ оқу үрдісі қаншалықты қолайлы? Әлішер Өмірзақтың материалы.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Бірінші қыркүйек - білім күні! Жаңа оқу жылын қашықтан бастаған оқушылардың қарасы қалың. Дегенмен мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің ата-аналары кезекші сыныптарды таңдаған.

Биыл мектепте бірдей киінген оқушылар байқалмайды. Бірақ, келгендерді біріктіретін бір дүние бар. Оқушылар тегіс медициналық бетпердемен жүр. Білім министрлігінің қаулысына сәйкес оқушылардың классикалық үлгідегі киіммен жүруіне рұқсат. Мектеп формасын пандемия өзгертті. Алайда, кейбір ата-ана балаларын "ресми" киіндіріп жүр. "Мектеп оқушысы екенін сензінсін", дейді.

Нұргүл БИДАЙҚЫЗЫ, АТА-АНА:

Қызым биыл бірінші сыныпқа келді. Мектеп формасы еркін дегенімен кигіздім. Киген дұрыс секілді. Мектепке келгенін түсініп, жауапкершілікті сезінуі үшін.


Ал санитарлық ережелерді сақтау міндетті. Ата-ана мектепке кіргізілмейді. Оқушылар ара-қашықтық сақтап, қолын жиі жуып жүруі тиіс.

Інкәр ЖАНСЕЙІТ, БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:


Ара-қашықтық сақтаңдар деп жатыр.
- сен сақтап жүрсің ба?
- Ешкімнің қасына бармайсың ба?


Жалпы республика бойынша кезекші сыныпқа барған оқушылар саны 600 мыңға жуықтайды. Елордалықтардың да саны аз емес.

Шәкәрім СЕЙСЕНБАЙ, №54  МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бірінші қыркүйекке дейін ата-ана баласын жетектеп алып келіп, сыныбын көрсетті. Оқушылар үйренді. Сондықтан бүгін үлкен қиын жағдай болмады. Әрине, бала болған соң болады, мәселен бір оқушы ата-анасын сағынып, жылап қалды.

Президенттің бүгінгі Жолдауында, білім саласы туралы да айтылды. "Онлайн сабақ екен деп баланы уастапқа байлауға болмайды, деді Мемлекет басшысы. Және жақында дәстүрлі оқуға ауысуы әбден мүмкін.

Мұрат БАХТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Біз бұған дейін бұл мәселені көтергенбіз. Сондықтан да Президенттің пікірін қолдаймыз. Қазіргі қалыптасқан дәстүрлі білімді әрі қарай жалғастыру мәселесін біз қарауымыз керек, тапсырма берді. Сондықтан да бұл мәселе жуық арада қаралып, егер ата-аналардың мүмкіндігі, рұқсаты болса дәстүрлі оқуға көшіруге мүмкіндік бар деп есептеймін.

Президенттің Жолдаудағы сөзінен кейін, Білім және Ғылым министрлігіне хабарластық. "Бірінші тоқсан аяқталмай балалар қайта мектепке оралуы мүмкін бе?" деген сұрағымызға атқамінерлер қысқа қайырып жауап берді. Министрлік жақында осы тақырып бойынша арнайы брифинг өткізбек екен.

Ә. Өмірзақ