Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қызылордада атышулы іске қатысты үкім шықты

Қызылордада атышулы іске қатысты үкім шықты

Қызылордада кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағандарға сот үкім кесті. Қанды қылмыс былтыр тамыз айында болған еді. Соттағы деректерге сенсек, қара бетперде киген бірнеше адам кәсіпкердің ауласына жасырын кіріп, бақылау камераларын күл талқан еткен. Үй иесін ауыр темірмен ұрып-соғып, кәмілет жасына толмаған қызы мен қызметшілерін байлап тастапты. Артынша үйдегі ақша мен бағалы бұйымдар салынған 3 сейфті, үй егесінің 2 көлігіне артып, ізін суытқан. Ауыр жарақаттанған кәсіпкер көз жұмды. Сотталушылар арасында кәмелет жастан енді асқандар да бар.  

Фариза НАЯТ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Жеке кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасау оқиғасы бойыша алты сотталушылар 17 жыл мен 23 жыл аралығында бас бостандығынан айырылып, жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу белгіленді.

М. Тоқтасынқызы