Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

СҚО әкімі жемқорлық фактілері үшін орынбасары мен аудан әкімін қызметінен босатты

AstanaTV
03.09.2020ж. 20:00
1933
СҚО әкімі жемқорлық фактілері үшін орынбасары мен аудан әкімін қызметінен босатты

Қарамағындағылардың парамен ұсталуы екі шенеунікті креслодан айырды. Солтүстікте облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі қызметінен қуылды. Қызылжардағы қызыл дау туралы мұның алдында да айтқанбыз. "Пара алды", деген айыппен облыстық сәулет-құрылыс басқармасының үш басшысы бірінен соң бірі ұсталған еді. Тағайындалып үлгермей жемқорлықпен ұстала беретін басқарма облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевтың құзырында еді. Антон Федяевпен бірге Ақжар ауданының бұрыңғы басшысы Ербатыр Мадьяровта қызметінен қуылды. Оның қызметтен кетуіне дәл осы былыққа қатысқан бұрыңғы орынбасары Құрал Досымбековтың кесірі тиіп отыр.

А. Құрманкин