6 қойға бола - 10 жыл. Павлодарда қой ұрлап ұсталған ұры 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ауылдасының қорасынан алты қой айдап кеткен Ертіс ауданының тұрғынына қатысты әзірге тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол айыбын мойындап, "Ұрлықты мас күйінде жасағанын" айтып ақталды. Алайда, Елімізде мал ұрлығына қатысты Заң биылдан бастап қатаң. Яғни, ұры ұрланған малды қайтарып бергеннің өзінде 10 жылға сотталуы мүмкін.
Қуан НАЗЫМОВ, ЕРТІС АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейді. Полицейлер ауыл тұрғындарын ескертіп, өз жануарларының сақталуына жауапкершілікпен қарау керектігін ескертеді.
Манат АЛҒАМБАРОВ, «ТАБЫС» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Мына қазіргі күнде Үкіметтің мал ұрлығы жөнінде заңды қатаңдатып, егерде мал ұрлығымен айналысатын кісі ұсталса, оны шартты түрде соттап, оған сондай наказание берген өте дұрыс деп есептеймін.
Шаруа қожалығының иесі Манат Алғамбаров, ұрыдан әбден зәтте болғанын айтады. Ұрылар оның қорасына бірінші рет түсіп отырған жоқ. Кәсіпкердің талай жылқысы өрісте жүрген жерінде ұрланыпты. Мал ұрлығы Павлодар өңірінде аз емес. Тек осы жарты жыл ішінде 58 факті тіркелген. Оның 38-і ізі суымай ашылса, қалған 20-сы әлі күнге табылмады.
Ө. Қуанар