$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жеке куәлігіміз бен төлқұжатамызды электронды форматқа қалай көшіреміз?

AstanaTV
03.09.2020ж. 20:00
3381
Жеке куәлігіміз бен төлқұжатамызды электронды форматқа қалай көшіреміз?

Келер жылдан бастап қалтамызға құжат салып жүрмейтін болдық. Өйткені, жыл соңына дейін жеке куәлік, диплом, жүргізуші куәлігі мен басқа да құжаттар толықтай электронды форматқа көшірілетін болды. Мұны, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет сағатында айтқан еді. Алайда, ол қалай іске асады? Ел тұрғындары онлайн құжатқа өту үшін нені білу керек? Айя Мүтәлінің материалында.

Жаңа министр қағазбастылық үрдісіне жаңалық әкелді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Бағдат Мусин қалтамызға салып жүрген құжаттарды электронды форматқа ауыстармық.

Айя МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:

Атап айтқанда, мынандай қағаз жүзіндегі жеке кәуілігіңіз, дипломыңыз, жүргізуші куәлігі, мен басқа да қажетті құжаттарыныңыз бұдан былай қажет болмай қалады. Өзіңіз туралы мәліметті көрсету үшін бар болғаны қолыңыздағы смартфонда  egov қосымшасы болуы керек.


БЛИЦ:

 - Негізі жақсы ғой. Жоғалтып алмайсың. Электронды түрде. Керек болса, үйіңе қарай жүгіріп жүрмейсің.

- Білмедім енді. Жастарға бұл жеңіл болатын еді. Бірақ бағанадан бері ЦОН-да жүрміз үлкен кісілерге бұл қиындау. Кейбіреулерінде жай ұялы телефон.

- Мен ойлаймын. Дұрыс емес ол. Әлі ерте ғой


Көптің көкейінде бірнеше сұрақ бар. «Ол қалай іске асады?», «Ақпараттық қауіпсіздік қаншалықты сақталады?» тағысы тағы. Сөйтсек, құжаттар электрондық жүйеге бұрын түсіп қойыпты. Енді ғана белгілі болды. Туу туралы куәліктен бастап жеке-куәлікке дейін онлайн форматта. Тек смартфоныңыз бен egov қосымшасы болса болғаны.

Дәулет БЕКМАНОВ, ҚР ЦДИАӨ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Дипломды немесе басқа құжаттарды қазіргі таңда туралауға болмайды. Өйткені, ол құжаттар біздің мемлекеттік органдардың базасынан алынады. Осы себептермен осы біз жаңағы құжат туралау, құжатты өзгерту түбінен жоямыз. Тек қана оригинал етіп көрсете аламыз.

Алайда, бұл қағаз құжаттан түбегейлі бас тарту деген сөз емес. Ол қолданыста жүре береді. Ал, төлқұжат бұл жүйеге әзірге өтпеді. Ол болашақтың еншісінде.

Дәулет БЕКМАНОВ, ҚР ЦДИАӨ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Егер басқа мемлекеттерден келісім алсақ. Олар бізді иә сендерге сенеміз деген келісімге барса, онда оны басқа мемлекеттерде де көрсетуге болады. Мүмкін ЕАС-тен басқа мемлекеттерде сіз электронды түрде көрсете алмайсыз. Басқа еш жерде жоқ.

Үкіметтің Egov порталына тіркелу жолдары да жеңілдейді. Енді тіркелу үшін бір ғана сатыдан өтеміз. Смартфон камерасы арқылы бет-келбетіңізді көрсетсеңіз болды. Жеке мәліметіңіз осы жолмен расталады. Электронды құжаттар арқылы қазақты қағағазбастылықтын арылтамыз деген сенім бар. Министрлік осы жылдың аяғына дейін сұранысы жоғары 30 құжатты "міндеттілер" тізімен жоймақ.

А. Мүтәлі