Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Рудныйда «жеңгетайлықпен» айналысқан күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

AstanaTV
25.09.2017ж. 20:00
2646
Рудныйда «жеңгетайлықпен» айналысқан күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Рудный қалалық мәслихатының депутаты Юлия Каралаш өз мандатынан бас тартты. Аппарат жетекшісі оның жуық арада депутаттық құрамнан шығарылатындығын мәлімдеді. Ал облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі «жеңгетайлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын растады. Бірақ күдіктінің нақты кім екенін айтқан жоқ. Жергілікті сайттар 25 жастағы депутаттың «жеңгетайлықпен айналысқаны» жайында жарыса жазып жатыр. Сан мәрте арулар сайысына қатысып, жеңімпаз атанған халық қалаулысын қала жұртшылығы жақсы таниды. Өзінің интернет дүкені де бар. Бұған дейін өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірінде қызмет атқарып келген.

Дана Қалеева, Рудный қалалық мәслихатының аппарат жетекшісі:

Біз оның жеке өміріне араласа алмаймыз. Және ондай фактілерді байқаған жоқпыз. Ол өзі мерзімінен бұрын депутаттық міндетінен босату туралы арыз жазды. Осы арыз негізінде жуық арада өтетін мәслихат сессиясында Юлия Каралаш депутаттық құрамнан шығарылатын болады.