$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мурал суретшісіне көмектесіп жүріп қаза болған жас-ерікті жер қойнауына тапсырылды

AstanaTV
04.09.2020ж. 20:00
3033
Мурал суретшісіне көмектесіп жүріп қаза болған жас-ерікті жер қойнауына тапсырылды

Тұрғын үй қабырғасына мурал салып жүріп, деп тоққа түсіп қаза тапқан Самат Шайдоллаұлы бүгін жер қойнауына тапсырылды. Оралдық полиция басқармасы мәлімдемесіне қарағанда қайғылы оқиға қыркүйектің 1 күні түнгі сағат 11 шамасында болған. 31 жастағы Самат Шайдоллаұлы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасына мурал салып жатқан суретшіге көмектескен. Тоққа шатыр үстінде жүрген түсіп қалыпты. Оқыс оқиғадан кейін тұрғын үй қабырғасындағы сурет жұмысы тоқтатылды. Марқұм Орал қаласындағы «Uralsk Runners» (Юралск Раннерз) желаяқтар тобының мүшесі болыпты. Ол талай марафондар мен қайырымдылық шараларына қатысқан.

Кәмшат СЕРІКҚЫЗЫ, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Жұмыс кезінде 1989-жылы туған азаматтың қолы жоғары кернеулі сымға тиіп кеткен. Ол алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір осы оқыс оқиға бойынша Орал қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Е. Карин