Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Парламент белсенділігін арттыру қажет - Расул Медетов

AstanaTV
03.09.2020ж. 20:00
1738
Парламент белсенділігін арттыру қажет - Расул Медетов

Елде Парламент белсенділігін арттыру қажет. Ол үшін билікке жігерлі жастарды тарту маңызды. Бұл праймеризге үміткерлердің бірі Расул Медетовтың пікірі. Бірінші кезеңнен іркілмей өткен ол келешекте жастар саясаты мәселесін көтеруді көздейді. Елордалық үміткер сайлаудың әділ өтуі үшін дауыс берушілер де ат салысуы керек деді. Себебі халық туыс-туғанына емес, ел болашағына алаңдауы қажет деп отыр. Сонда ғана сайлау мақсаты толық орындалатынына сенімді.

Расул МЕДЕТОВ, КАНДИДАТ:

Парламентті пікірсайыс алаңына айналдыру қажет. Өзекті мәселелерді қозғап, кез келген түйткілді Парламентте қозғаудан қорықпау қажет. Болашақта дауыс беретін партия мүшелері елге оң нәтиже әкелетін үміткерлерді таңдай білуі керек.


Ғ.Өтемісов