$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оқу жылы басталғанымен кейбір өңірлер қашықтан оқуға дайын емес

AstanaTV
04.09.2020ж. 20:00
3772
Оқу жылы басталғанымен кейбір өңірлер қашықтан оқуға дайын емес

Оқу жылы басталғанымен, кебйір өңірлер қашықтан оқуға дайын емес. Соның бірі Түркістан облысы. Қазығұрт ауданына қарасты Қыдыр Мәмбетов елді-мекені тұрғындары бүгін арнамызға хабарласты. Сөздеріне қарағанда, ауыл интернетке жарымай отыр. Осының салдарынан жарты мыңға жуық бала қашықтан сабақ оқи алмай қиналып жүр. Ал аудан атқамінерлері болса, "Бәрін реттейміз", деп жазда уәде берген. Алайда, оқу жылы басталды ал уәде орындалмады. Қоңырау шалған тұрғынның шағымына құлақ түрсек.

Саламат АҚЖІГІТОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізде ауылда интернет мүлдем ұстамайды. Менің биыл 4 балам мектепте бастауыш сыныпта оқиды. Онлайн оқытайын десем бір телефонға үңіліп жіберген видеолары, аудиолары ашылмайды. Онлайн оқу бізге қиын. Бізге интернет мәселесін жөндеп, қойып берсе. Мен абонеттердің бәріне хабарлассам бірінші ауыл әкімі, аудан әкімі бізге запрос тастау керек дейді.  

Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселе бойынша Түркістан облысының атқамінерлеріне хабарластық. Қазір бізбен тікелей байланыста Қазығұрт ауданының білім бөлімінің басшысы Асан Үйсінбаев бар екен. Асан Тілеубердіұлы, қайырлы кеш. Мәселені естідіңіз, халық осы уақытқа дейін әкімдікке бірнеше рет шағымданып барыпты. Одан бөлек, Президент те, Министр де жаңа оқу жылында мұндай проблема болмасын деген тапсырма берген болатын. Сіздер неліктен дайын болмадыңыздар?

Асан ҮЙСІНБАЕВ,ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Саламатсыздар! Қыдыр Мәмбет елді-мекенінде Қазығұрт жалпы орта мектебі орналасқан. Мектепте қазіргі таңда интернет желісіне толық қосылған. Дейтұрғанмен елді-мекенді интернет желісінің төмен екендігі бұрынан белгілі. Ал, елді-мекеннен 2 километр қашықтықта бір емес екі жерде антена қойылған. Дейтұрғанмен интернет желісі елді-мекеннің екі шеткі кіреберісі басында ешқандай операторлар толыққанды қосылған.

Бұл жерде өскелең ұрпақтың біліммен қамтамасыз етілмей жатқандығы да бар. Нақтылай айтсаңыз, бұл мәселе қашан шешіледі?

Асан ҮЙСІНБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда Цифрландыру мекемесінің, Қазақтелекомның берген уәдесіне қарағанда осы Дүйсенбі күні "50+" бағдарламасы бар яғни халықтың саны 50 пайызға жетпеген жерлерге қосымша роутрлар қойылады. Бұл осы Дүйсенбі күні толыққанды шешіледі. Бүгін өзім хабарласып көрдім мектептің директорыменде, елді-мекендегі антендарға қосымша роутроарларды қойып, Дүйсенбі күні толық қосылады.


Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет, Асан Тілеубердіұлы. Бұл мәселе  шешімін тапқанша біздің бақылауымызда болады. Қымбатты көрермен, "Телерепортер" айдары қайта іске қосылды. Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмірге хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.


А. Данияр