Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Денсаулық сақтау министрлігі карантиннің қашан аяқталатынын айтты

AstanaTV
04.09.2020ж. 20:00
8696
Денсаулық сақтау министрлігі карантиннің қашан аяқталатынын айтты

Қазақстанда карантин режимі қашан аяқталады? Денсаулық сақтау министрінің ресми өкілі бұл сұраққа жауап берді. Айтуынша, шектеу шаралары алдағы уақытта да жеңілдетілуі бек ықтимал. Бірақ, алда-жалда кезекті толқын бола қалса, карантинға қайта оралуымыз мүмкін екен.

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оданда әрі қарай босталуы мүмкін. Ол тек қана халықтың, қоғамның санитарлық  нормаларды орындағанының нәтижесіне байланысты. Егерде біз той жасап, ережелерді бұзып кетсек қайтадан маусым айында болған дағдарыс қайтадан қайталануы мүмкін.

Қазіргі уақытта министрлік індеттің күздегі толқынына қызу дайындалып жатыр. Әсіресе, медицина саласының мамандары. Бүгінде 30 мың ақ халатты жұмыс істеуге сақдай сай дейді, Бағдат Қожахметов. Бұдан бөлек, жағдайды ушықтырып алмау мақсатында 15 қыркүйекте Қазақстанда тұмауға қарсы жоспарлы вакцинация басталады.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Бағдат мырза айтыңызшы, коронавирустың екінші толқыны дейміз бе үшінші толқыны дейміз бе, осыған Денсаулық сақтау министрлігі және біздің ақ халаттыларымыз дайын ба?

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Иә, медцина жүйесі болуы мүмкін жаңа толқынға дайын!

А. Данияр