Халық арасында адалтықты насихаттап, заңбұзушылықты болдырмау. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі осындай міндет қойып отыр.
Құзырлы орган бүгін өңірлік Қазақстан Халқы Ассамблеясында алқалы отырыс ұйымдастырып, келелі кеңес өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған бағыт-бағдар талқыланды. Басты мақсат: қоғамның Мемлекетке деген сенімін арттырып, әлеуметтік даму тетіткерін қолға алу.
Адал қоғам құру мақсатымен ондаған этно-мәдени бірлестіктер өкілдері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі бүгін бас қосты. Жиынға мұрындық болған Антикор өкілі өз сөзінде, "Халық арасында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру үшін, жүйелі жұмыс жүргізу керек",деді. Бұл Мемлекет Басшысының Жолдауныда да айтылған.
Асхат ОРАЗХАН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Тәуелсіздігіміздің баянды, еліміздің табанды болуы береке-бірліктің арқасы. Бүгінде елімізде 130 ұлт тұрса, соның 100-ден астамы Қарағанды облысында өсіп өркендеуде. Көптеген елдерде,соның ішінде біздермен көршілес орналасқан елдерде жағдай тұрақсыз. Сондықтан Қазақстанның татулық пен келісім бесігі деген атын сақтау әрбір азаматтың алдында тұрған жауапты міндеті.
Өңірде, "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" жобасы, сәтті жұмыс істеп келеді. Қалың бұқара осы портал арқылы, кез келген нысанға жұмсалған қаражатты ашық көріп біле алады. Аймақтардың әлеуметтік дамуы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында да айтылды.
Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Өткенде біз осы әлемдік індеттен жеңіліп қалған бір себебіміз - жемқорлықтың кесірі деп осы агенттіктің төрағасы осылай үлкен баға берген. Біздің бір ғана мақсатымыз - біз кез келген қоғамның мүшесі осы қылмысқа қарсы болуымыз керек. Біз осыны бүгін туған нәрестенің ананың сүті, әкенің қаны арқылы бұл жақсы әдет жолы болу керек деп есептеймін.
Елдің дамуына қатысты Жолдауда бірнеше айқын бағыт берілді. Тапсырманы орындау мақсатында Қарағанды облысында арнайы жоспар әзірленбек. Ал, оны түсіндіру үшін ұжымдарда арнайы ақпараттық штабтар құрылады.
А. Құрманкин