Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Алматыда ақшасына келісе алмаған сантехник бір отбасын қырып салған

Алматыда ақшасына келісе алмаған сантехник бір отбасын қырып салған

Алматыда сантехник, бір отбасын пышақтап тастаған. Көршілердің пайымынша қылмысқа ақша себеп болуы мүмкін. Ал, ресми орындар тергеу басталғанын ғана хабарлады. Полиция күдіктіні ұстаған. Оның бұрын да қылмыс жасап, сотталғанын анықтапты.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Естіген адамның жағасын ұстататын оқиға мына екі қабатты үйде болған. Куәгерлердің айтуынша, сантехник азамат сол күні пәтерге жөндеу жұмыстарын жасауға келген. Артынша үй иелерімен сөзге келіп қалған.

Оқиға куәгері Оксана Феллер, қанды оқиғаны көзімен көрген. Содан болар әлі күнге қорқынышпен еске алады. Сол сәтте пәтерде анасы мен оның 32 жастағы қызы болған.

Оксана ФЕЛЛЕР, КУӘГЕР:

Марқұм Инна сантехник азаматты ғаламтор арқылы тапты. Бір күн бұрын шақырып, алдын-ала 250 мың теңге төлемін берді. Негізі араларында ақшаға бола ұрыс болды дегенмен келіспеймін. Керісінше қаскөй бұлардан ақша ұрламақ болған. Сондықтан бәрін пышақтап тастаған.

Арадағы түсініспеушілік кезінде, қаскөй 32 жастағы қызына пышақ сұққан. Денесін тіліп тастаған дейді кәугер. Оған көмекке ұмтылған анасы мен көршісін де жарақаттапты. Көршілерінің айтуынша, марқұм 12 жыл бойы жедел-жәрдем қызметінде істеген. Қызын құтқармақ болған анасының да жағдайын дәрігерлер тым ауыр деп отыр. 35 жастағы көршісі де ауруханада жатыр.   

Ақшолпан ЖҮСІПОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:
 
Жүректің сол жақ қарыншасының жарақатымен, сол жақ кеуде қуысының пышақпен кесілген бірнеше жарақаттары, сол жақ өкпенің төменгі бөлігің жарасы, мойын тамыры мен шаптың пышақпен жараққаттануы. Науқас реанимациялық бөлме жағдайында ем алуда. Жалпы жағдайы ауыр.

Қалалық полиция департаменті, күдіктінің бұрын сотты болғанын айтып отыр. Тергеу кезінде ол өз кінәсін толық мойындады дейді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азамат қамауға алынды. Пышақ бойынша арнайы сараптама тағайындалды. Бұрын бұл азамат істі болған мүліктік қылмыстар жасағаны үшін.

Қазір күдікті азаматқа «адам өлтіру»  бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал мәйіт пен  жарақат алған жандарға сот медициналық сараптамасы тағайындалған.

Ә. Лесбек