Алматыда жаңадан 1 мың 200 жұмыс орны ашылады. Бұл құрылысы қазір қарқынды жүріп жатқан, индустриалды парк жобаларын іске қосу арқылы жүзеге аспақ. Айта кетейін, былтыр ғана ашылған пакте қазір үш бірдей өндіріс орыны жұмыс істеп тұр. Бірі жиһаз жасайды, екіншісі кеңсе тауарларын шығарады. Ауқымды жұмыстарды жыл аяғаны дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Бұл өткен жылы ашылған индустриалды парк. Жалпы ауданы - 28 мың шаршы метр құрайды. Мұнда құрылыс, жиһаз, жеңіл және тамақ өнеркәсібі орналасқан. Ғимараттағы орынды жалға алу құны көпшіліктің көңіілінен шығады. Ғимараттың шаршы метрі - 1200 теңгені құрайды.
Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, «ALMATY FINANCE» ЖШС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бұл аталған индустриалды парк өткен жылда «Almaty Business 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылды. Мекемелер түрлі жеңілдетілген шарттармен беріледі. Әсіресе шағын және орта кәсіппен айналыстандарға тиімді тұстары көп. 5-жылға бекітілген жалдау бағасы 1 шаршы метрге - 1200 теңгені құраса, сатып алу құны 145 мың теңгеге бағаланады.
Индустриалды саябақта өндіріс ашудың артықшылықтары көп. Біріншіден, қалада қараусыз қалған ғимараттар мен әкімшілік үй-жайлар азаяды. Екіншіден, іскерлік белсенділігі төмен аудандарды да бизнес ашу арқылы көркейтуге болатынын көрсетеді. Мәселен бір ғана Наурызбай ауданында екі парк іске қосылған. Онда жиhаз бен кеңсе тауарлары шығарылады.
Қанат БИДАРАЛОВ, «ALA ESTATE» ЖШС МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Келісім-шарт бойынша Алматы Финанс осындай пром.парктарды қаржыландыруға ынтасын білдірді. Соған қарап ақпанның 2020 жылдан бастап құрылыс басталды. Қазір уақытта барлық құрылыс жұмыстары аяқталды. Алғашқы екеуі істерін жасап жатыр. Біріншісі мебель шығарумен айналысады. Екіншісі медициналық мебель шығарумен.
Жалпы Алматыда индустриалы парк салу өткен жылдың қараша айында қолға алынған болатын. Жоба «Алматы Бизнес 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Жыл аяғына дейін жоспарланған 10 жобаны іске қосу міндеті тұр. Демек 1200-дей жұмыс орны ашылмақ.
Ә. Лесбек