$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Педофилдерге қандай жаза қолданылмақ?

AstanaTV
08.09.2020ж. 20:00
5520
Педофилдерге қандай жаза қолданылмақ?

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты. Қазіргі таңда балаларға сексуалдық зорлық көрсеткен азғындарға арналған заңға өзгерістер енгізілуде. Бұдан бөлек, балаларды зорлау фактісі бойынша биыл 422 жағдай тіркелген.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық сипаттағы әре-кеттері үшін қылмыстық жазаны едәуір қатаңдаттық. Алайда бұл проблема әлі де ушығып тұр. Мұндай қылмыскерлер рақымшылық алу және мерзімінен ерте босау құқы¬ғы¬нан айырылып, мейлінше қатаң жазалануы керек. Оларды қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемелерінде оқшаулаған жөн.


Бүгінде қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл жағдай әлі де тыйылар емес. Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда балаларға жасалған жыныстық зорлық 8 пайызға өсіпті.

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

8 пайызға өсіп отыр, бірақ та олар жәйттер эпизоттар деп отырмыз ғой. Ал, жәбірленушілердің саны өскен жоқ. Бірақ та қазіргі жолдау бойынша осы жұмыста одан әрі бұл аса ауыр қылмыстық түріне жатады. Бұл жақты жұмыстар жалғастырылуда.

"Енді, Президенттің пәрменіне сәйкес заң жобасы әзірленіп жатыр", дейді Марат Ахметжанов. Бала өміріне қол сұққан қанпезерлер, өмірін темір тордың арғы жағында өткізуі мүмкін.

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Ең аса ауыр режимде атқаратын болады, сондай жоба дайындалып жатыр.  Парламентке ұсынамыз қолдаса осындай шаралар біз белгілеп отырмыз.

Аталмыш заңға жыл сайын өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп келеді. Былтыр кәмелетке толмағандарға сексуалдық жәбір көрсеткендерге 17 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қабылданған. Дегенмен мұндай қылмыскерлерге халық "өлім жазасын" сұрап жүр. Бірақ заңгер әлемдік тәжірбиеде мұндай жоқ екенін айтты.

Шаймерден БАЙТУҒАНОВ, ЗАҢГЕР:

Ондай өлім жазасын қолдану туралы халық арасында айтылып жатыр ғой, бірақ заң жүзінде құқықтың институттар ондай ақпаратты берген жоқ.


Қоғам белсенділері азғындарды өмір бойына бас бостандығынан айыру керек деп есептейді. Тіпті, балалардың психикасы мен денсаулығына орасан зиян келтірген педофильдерге қандай жаза қолданса да артық еместігін жеткізді.

А. Данияр