Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шымкенттегі дендросаябақта салынып жатқан веложол құны дау тудырды

AstanaTV
08.09.2020ж. 20:00
2369
Шымкенттегі дендросаябақта салынып жатқан веложол құны дау тудырды

"Шымкенттегі дендросаябақта жарты млрд теңгеге 6,5 шақырымдық веложол салынады", деген ақпарат қоғам белсенділері арасында дау тудырды. Пандемия кезінде ол не деген қымбат жол? Оның маңызы қаншалықты? Әлеуметтік желі пайдаланушылары бұл мәселені талқылап жатқанына екі күннен асты. Ал, қалалық құрылыс басқармасы болса нақты қанша қаражат жұмсалатынын айтып бүгін ақталды. Тараптарды Айзада Төребекқызы тыңдап қайтты.

Даулы веложол Шымкенттегі дендрологиялық саябақ ішінде тұр. Құрылысы қарқын алған. Жолақтың ұзындығы 6,5 шақырым. Бұл дау мақаладан басталды. "Веложолға 500 млн теңге жұмсалады", деп табиғи ресурстар басқармасының басшысы басылымдардың біріне сұхбат беріпті. Мұны қоғам белсендісі Амангелді Қалыбек көріп қалған екен.

Амангелді ҚАЛЫБЕК, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Демек ол әр километрі веложолдың 76 млн теңгеге бөлініп кетеді. Мен өзім белсенді вело айдаушы ретінде оның сапалы болғанын, тиімді болғанын қалаймын. Бірақ екінші жағынан қаланың бюджетінің ақшалары оңды-солы шашылғанын қаламаймын.


Қоғам белсендісінің айтқанын Шымшаһар шенеуніктері бүгін теріске шығарды. Берген түсінктеріне сенсек веложолдың конкурстық құны 458 млн теңге екен. Ол велосипедке ғана арналмаған. Жүгіруге арналған да жолақ болады екен. Бұл жерге сондай ақ жарық тартылып орындықтар қойылмақ.

Бейбіт МОШҚАЛОВ, ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚ ДИРЕКТОРЫ:


Табиғи ресурстар басқармасымен 2017 ж заявка берілген. 2018 ж мемлекеттік экспертизадан бітіп дайындалған. Сондықтан бұл кешегі 2019 жылғы бюджетте біз 2020 жылға ұсынған кезде бюджет тарапынан қолдау тауып, 2020жылы осы құрылыс жұмыстары басталды.


Ербол АХМЕТОВ, ШЫМКЕНТ қ.ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Велодорожканың құны- 130 млн теңге. 6,5 шақырым метр ол жер. Ол жерде қаралған нәрсе біз айтамыз ғой гпс деп, тас құм қоспасы. Одан кейін щебен қарастырамыз. Оның үстінен асфальт жабындысы төселеді.

Веложол құрылысы наурыз айынан бері жүріп жатыр екен. Осы күнде 50 пайызы дайын. Жоба желтоқсанда аяқталуы тиіс. Бұл жолақтың белгілі бір өлігі айтпақшы теміржол үстімен өтеді екен. Оның да құны сметаға крііп тұр.

Ахмет ТАТЫБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Пойыз жол қосылған кезде тек қана шетін кішкене жер алады. 2 см пойыз жол рельстің кіріп тұратын. Сол жерін алады да болды. Қалған жері тұра береді.

Сонымен, шенеуніктердің сөзіне сенсек, дендросаябақтағы веложолаққа жарты милрд теңге емес бар жоғы 130 млн теңге ғана жұмсалады. Бірақ бұл ақпаратта қоғам белсенділері күмәнмен қарайды.

Амангелді ҚАЛЫБЕК, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Бізбен есептеген кезде шамамен 5,5-6 млн деуге болады. Ондай болатын  болса бізде ары кетсе құны әр километрдің құны 5,5 млн болуы керек. Бірақ ол 130 млн шықпайды ол, мүмкін емес.  

Амангелді Қалыбектің айтуынша, веложолақты шетелдіктерге салдырғанның өзінде оның құны әлде қайда арзанға түсуі мүмкін еді. Қоғам белсендісі сондай ақ жолдың сапасына да күмәнді. Желтоқсан айында ол веложолақпен өзі жүріп көрмек. Қымбат жолдың сапасын сол кезде білетін боламыз.

А. Төребекқызы