Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Зейнетақы қорында жатқан қаражатты тарату ел экономикасына кері әсер етуі мүмкін

AstanaTV
08.09.2020ж. 20:00
2588
Зейнетақы қорында жатқан қаражатты тарату ел экономикасына кері әсер етуі мүмкін

Елде жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап кетуі мүмкін. Өйткені, зейнетақы қорынан алынған қаражат экономикаға айтарлықтай әсер етеді. Экономистердің пікірі осы. Сарапшылар сондай ақ, ол ақша инфляцияға да кері әсер етуі бек мүмкін деп отыр. Осының салдарынан Елдің инвестициялық климаты да нашарлайды деген болжам бар. Президент Жолдауында айтылған ұсыныс кімге қолайлы? Қалталыларға ма әлде қара халыққа ма? Әріптесім Ғалымжан Өтемісов жауап іздеп көрді.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
 
Үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін, үй сатып алуға немесе білім алу үшін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын.


Иә, Президенттің осы жолғы Жолдауына ел құлағы елең етті. Жұрт зейнетақы қорында жатқан ақшасын жаппай санауға кірісті. Бірі, қаражатының белгіленген межеден асқанына қуанса, енді бірі мұңайды. Бұқарада, "Бұл, қалталылардың ғана хәлін жақсартады", деген пікір қалыптасты.

БЛИЦ:

- Ондай жинақ бізде болмайды. Қарапайым халықта. Айлығы мықты азаматтар алады. Солай ойластырылған да ол өзі.

- Мен екі айдан кейін зейнетке шығамын, жиналғаны екі миллион ғана.


Кім, қанша шешіп алады? Көптің көкейінде жүрген сауалға әлі жауап жоқ. Есесіне сан-алуан ұсыныстар бар. Кейбір сарапшылардың сөзіне қарағанда, "Зейнетақы қорында жатқан қаражат Құрылыс пен Банк саласына карантин кезінде екінші деп береді. Бірақ, ол пікірге келіспейтіндер де бар. Танымал экономист Арман Байғановтың айтуынша, қордан шыққан ақша инфляцияға кері әсер етеді. Яғни ол, Ел экономикасына салмақ салуы мүмкін.

Арман БАЙҒАНОВ, ЭКОНОМИСТ:

1,4 трлн теңгенің бірден айналымға шығуы, жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне себеп болады. Сәйкесінше инфляция өседі. Халық, өз қаражатын жаппай жылжымайтын мүлікке сала бастайтыны анық.

Сарапшы Сапарбай Жұбаевтың да ойы осыған ұқсас. Алайда ол, қордан шығатын қаражаттың мардымсыз екенін алға тартады. Ресми дерекке сәйкес қазір бірыңғай жинақтаушы қорында 10 миллион 517 мың салымшы бар. Көбінің жиған-тергені 1 миллион теңгеге жетер-жетпес.

Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Өркениетті елдердің ешқайсысы тиіспейді. Себебі бұл ұзақ мерзімге арналған инвестициялық кепілдік. Бұл тек ғана олигархтар, министрлер мен депутаттарға арналған. Қарапайым халық бәрібір ала-алмайды.

Ал, риэлторлар болса экономисттердің пайымын жоққа шығарып отыр. Жылжымайтын мүлік бағасы қор қаражатысыз ақ жылына 5-6 пайызға өсіп жатыр екен. Яғни, Президент ұсынысы нарыққа теріс әсер етеді деген ақылға қонымсыз, дейді тұрғын үй саудагерлері.

Руслан ТҰРАҚҰЛЫ, РИЭЛТОР:

Пандемияға байланысты көп азаматтар жұмыссыз жүр, кредиттерін де төлей алмай жүр.

Қордағы қаражатқа қатысты тұжырым жан-жаққа ал, сарапшылар пікірі сан-саққа шашырап жатыр. Әр қайсысы өзінікін жөн санайды. Үкімет те шешім шығаруға асығар емес. Бір анығы, қаржысын алақанына сала алатын ағайын саны 700 мыңға жетер-жетпес. Қалғанымыз қайда қалдық? Мұны енді болашақ көрсетер.

Ғ.Өтемісов