$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда партияішілік бәсеке күшті, - С.Канкуров

AstanaTV
08.09.2020ж. 20:00
1860
Алматыда партияішілік бәсеке күшті, - С.Канкуров

Алматыда праймериз қатысушылары үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күнінде-ақ 100-ден аса іс-шара өткізіп үлгерді. Соның басым бөлігі онлайн форматта ұйымдастырылған. Тіркелген 230 кандидаттың 185-і Мәслихатқа, 45-і Мәжіліске үміткер ретінде ұсынылмақ. Кандидаттардың тең жартысы жеке кәсіпкер екенін айта кеткен жөн. Үкіметтік емес ұйым өкілдері де аз емес. "Nur Otan" партиясы Алматы қалалық филиалы басшыларының айтуынша партияішілік бәсеке күшті. Кейбір аудандарда бір орынға 10 үміткерден келеді деді.

Станислав КАНКУРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Кандидаттар ішінен Алматы Республика бойынша ең көбі бизнес өкілдері жалпы 53 пайызды құрайды. Және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері 14 пайызды құрайды. Жалпы бұл Республика бойынша ең үлкен көрсеткіш.

А. Кемелжан