$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО праймериз қатысушыларының барлығына бірдей жағдай жасалған

AstanaTV
08.09.2020ж. 20:00
3350
БҚО праймериз қатысушыларының барлығына бірдей жағдай жасалған

Батыс Қазақстан облысында праймериз кандидаттарының барлығына бірдей жағдай жасалған. Бұл жайында "Нұр Отан" партиясының облыстық филалы өкілдері хабарлайды. Енді сайлауға үміткерлер осы мүмкіндікті пайдаланып, өз бағдарламасын сайлаушыларға ұсынуы тиіс. Олар тіпті әлеуметтік желіні де пайдалануға құқылы. Сонымен қатар мекеме-кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, ашық алаңдарда санитарлық талаптарды сақтай отырып, кездесу өткізуге болады. Айта кетелік, Батыс Қазақстан облысынан 460 адам партияішілік сайлауда бақ сынайды. Олар үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті.

Шыңғыс НҰРЛАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ең басты мәселе мұндағы – бұл осы праймеризге қатысушылардың шынайылығы. Адамдарды сендіре білуі керек. Басқаларды сендіру үшін олар өзіне-өзі сенуі керек. Ал өзіне-өзі кім сенеді? Өзіне-өзі сенетін адамдар мәселені біліп және шешу жолдарын білетін адамдар.

Мұрат МҰҚАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Үміткерлердің ұсыныстары қызықты. Жаңа біз көрдік: көпбалалы ана сөйлеп жатыр кандидат ретінде, кәсіподақтың мүшесі өзінің ұсыныстарын білдіріп жатыр. Өте қызықты өтіп жатыр. Бұл тек бастамасы. Бұған қосымша қазір тек бір мезгілде қала бойынша үш жерде үгіт-насихат жұмысы жүріп жатыр.

Е. Карин