Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Жақсы адам» телехикаясы көрерменге жол тартады

AstanaTV
09.09.2020ж. 20:00
3184
«Жақсы адам» телехикаясы көрерменге жол тартады

«Астана» телеарнасының қоржыны тағы бір отандық телехикаямен толықты. Жаңа телевизиялық маусымда арнамыздан «Жақсы адам» атты сериал көрерменге жол тартады. Төл туындыда қарапайым адамдардың қарапайым өмірі мен олардың бастан өткерген түрлі шытырманға толы оқиғалары көрсетіледі. Толығырақ тілші материалында.

Қазір сериалдың түсірілім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жұмыс тобы күні-түні демей, еңбек етуде. Ауа-райының қолайсыздығы да жұмысқа кедергі емес. Актерлық құрам күннің суытқанына қарамастан, жазғы көңіл-күйді беруге барынша тырысып бағып жатыр.

Сериалда қарапайым қыздың түрлі шытырман оқиғаға толы тағдыры баяндалады. Бас кейіпкердің қиындығы анасының құрсағында жатқаннан басталған. Жол апатына түскен келіншекті тоғағы қысып, өрт сөндірушілер босандырып алыпты. Кейіннен шешесі қаза болып, Сымбат жетімдер үйіне тап болған. Өсе келе ол өмірін аман алып қалған құтқарушыны іздейді. Сөйтіп ол ауылға келген.

Асылбек ҚАПАЕВ, АКТЕР:

Әр адам түп тамыры ауылданбыз ғой бәріміз. Әрқайсысы қазір, қалада жүргендердің бәрі ауылды сағынады. Бұл жерде болған оқиғаның өзі бәрі ауылда да болуы мүмкін. Орысша айтқанда, настальгия да болады.

Телехикаяда актерлық құрам да сәтті жасақталған. Бас кейіпкерді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов сомдайды. Ол кез келген фильмге түсе бермейді. Алдымен сценарийге мән береді. Осы жолы да солай. Танымал актер фильмді бірден ұнатқан.

Ерік ЖОЛЖАҚСЫНОВ, АКТЕР, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:

Ұлттық құндылықтардың бәрі осы бар деп ойлаймын. Үлкенге құрмет. Жастарға бір ізеттілік. Осындай сөздермен ақ мен сценарийдің қаншалықты қызық екені, көрерменге тартымды екенін осылай айтуыма болады.  

Түсірілім қазір Елордадан 70 шақарым жердегі Шортанды ауданында жүріп жатыр. Жұмыс тобының мұнда тұрақтағына 1 айдан асты. 10 бөлімнен тұратын сериалдың жартысы түсіріліп болды. Фильмде интрига да аз емес. Мысалға: 1 сөмке ақша қайдан шықты?

Жандос ҚҰСАЙЫНОВ, РЕЖИССЕР:

Осы фильмдегі кейіпкерлердің барлығының тоғысқан жері осы ақша төңірегінде болып келеді. Онымен қатар, бізде отбасылық құндылық, еңбекке баулу, осы нәрселерді насихаттау болып отыр.

"Астана" телеарнасының көрермендеріне арналған телехикая желтоқсан айында көрсетіледі. Фильм егер көрермемн көңілін тауып жатса, онда сериал жалғасын табуы әбден мүмкін.

А. Мүтәлі