Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елдегі 6500 отбасына азық-түлік себеті үлестірілді

AstanaTV
09.09.2020ж. 20:00
1891
Елдегі 6500 отбасына азық-түлік себеті үлестірілді

Алматыдағы орталық мешіт, қайырымдылық алаңына айналды. Азық-түлікке толтырылған 500 себет қаладағы әлеуметтік аз қамтылған, жетім және көп балалы отбасыларға таратылды. Жауапты істі мешіт қызметкерлері жауапкершілікке алған. Бұл шара көзі тірісінде- халқына қайырымдылығымен танылған Жамал апаның 40 күндігіне орайластырылған. Алматыда ғана емес, ел аумағы бойынша 6 жарым мың азық-түлік себетін үлестірген. Жамал апа көзі тірісінде, төтенше жағдайға тап болған Арыс, Қызылағаш, Мақтарал сынды өңірлерге қолдау көрсетті. Шалғайдағы ауылдарға газ құбырларын тартқызып, 70-ке тарта отбасыға баспана кілтін табыстаған болатын. Бұл кез-келген дәулетті адамның қолынан келе бермейтін жомарттық, дейді ұйымдастырушылар.  

А. Кемелжан