$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылордада баласы кісі қолынан қаза тапқан ана сот үкіміне наразы

AstanaTV
10.09.2020ж. 20:00
3091
Қызылордада баласы кісі қолынан қаза тапқан ана сот үкіміне наразы

Қызылордада адам өлтірді деп айыпталған күдіктіге үкім шықты. Ол екі жылға бас бостандығынан шектелген. Жапа шегуші тарап, бұл үкіммен келіспейтіндерін айтып, жоғарыға арызданды. Қанды қылмыс биыл ақпан айында болған. Анасы баласын әлдекім пышақтап өлтіріп кеткенін айтты.  

Жанат КЕНЖЕЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Бауыздап кеткен адамды екі жыл беріп, қазір бостандықта жүр деген есеп. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Ішкі істер министріне, сосын Қазақстанның бас прокурорына үндеу жазып, видероликпен жаздым. Енді аппиляцияға жазып жатырмын.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұған қатысты түсінік берді. Олардың мәліметінше, сотталушы қорғану мақсатында жәбірленушіге суық қару жұмсаған. Алғашында "Адам өлтіру" бабымен іс қозғалғанымен, кейін іс қайта сараланыпты.

Әл-Фараби ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ КЕҢСЕ МЕҢГЕРУШІСІ:


Сотталушы бүгінгі таңда 102-баптың санкциясында көзделген екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Яғни бұл жерде қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтірген. Қылмыстық процестік 337-бабының 7-бөлігіне сәйкес 99-бап 102-бапқа қайта сараланып сот үкімі қабылданды.

М. Тоқтасынқызы