Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жылдамдығы жоқ шабан интернеттің кесірінен, балалар сабақты түңгі сағат онға дейін оқитын болған

AstanaTV
10.09.2020ж. 20:00
2480
Жылдамдығы жоқ шабан интернеттің кесірінен, балалар сабақты түңгі сағат онға дейін оқитын болған

Жылдамдығы жоқ шабан интернеттің кесірінен, балалар сабақты түңгі сағат онға дейін оқитын болған.   Павлодарда көп балалы отбасы, осыны айтып шағымданды. Олардың айтуынша білім платформасы ашылмайды, үй тапсырмасын орындап, уақытылы жіберуге интернет кедергі болып жүр. Онлайн оқудың машақатын әріптесім Өзгеріс Қуанар біліп көрді.  

Әсел Тайлақова – 6 баланың анасы. Жолдасы екеуі жатақхананың аядай бөлмесін жалдап тұрады. Онлайн оқу басталғалы бөлменің тарлығы тағы сезілген. Өйткені, ересектері сабақ оқу үшін анасы кішкентайларын далаға шығарып жібереді. 3 баласы мектеп уақытша берген ноутбукпен білім алып жүр.

Әсел ТАЙЛАҚОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:
 
Балалар интернетке кіре алмайды. Өйткені, бізде  кабелді интернет тартылмаған. Сондықтан, телефонның интернетімен отырамыз. Оның жылдамдығы өте ақырын. Сол себепті балалар тапсырымаларын уақытылы жібере алмай қалады. Ал жылдамдықтың баяулығынан платформаларда ашылмайды. Кей күндері түнгі сағат 10-ға дейін отырып, сабақ оқитын да болдық.

Осылайша, онлайн оқудың машақатын көрген отбасы қыс келгенде жағдайымыз тіптен қиындайды - деп қорқады. Сол себепті дәстүрлі оқуға рұқсат берсе дейді. Аймақтың білім басқармасы болса ол жуық арада болмайтынын айтты.

Жомарат ҚАРАМБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


28 мысалы, бізде ауыл бар интернеті нашар. Олар бізде балаларға штаттық түрде оқып жатыр. Кейбір ауылдарда 3-4 ауылда мәселе уже шешіліп қалды да. Интернет жылдамдығын көтеріп, жұмысын жақсы жүргізіп жатыр.


Күні кеше ғана басталған онлайн оқу ата-ана тұрмақ балалардың да жүйкесін тоздырып жатыр. Бауырын оқытам деп шаршаған ағасының аудиожазбасы әлеуметтік желіде хитке айналды.  

Мама, мынаның қасында психбольницадан бірақ шығатын сияқтымын ғой. Айқайлатып, айқайлатып болды ғой мені. Тамағым қарылып қалды ғой өзі. Келесі де базарға алып кетесің бе, атаға оқытасың ба, тағы біреуге бересің бе, өзің біл. Мен мынаны оқыта алмаймын.  


Павлодар облысында қазіргі күні мектептердің 65 пайызы қашықтықтан оқып жатыр. Шағын жинақты 181 мектеп дәстүрлі оқуын жалғастыруда. Сондықтан да,  пандемия аяқталмайынша, онлайн оқудың машақаты таусыла қоймайтын секілді.

Ө. Қуанар