Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Сал ауруымен ауыратын Айдос Медьянов каратэден қара белбеу иеленді

AstanaTV
10.09.2020ж. 20:00
2545
Сал ауруымен ауыратын Айдос Медьянов каратэден қара белбеу иеленді

Қайсар жан. 1-ші топ мүгедегі Айдос Медьянов каратэнің қара белбеуіне ие болды. 8 жыл бойы талмай жасалған еңбектің, жемісі - осы. Тағдыр тауқыметін тартып отырған спортшының алға қойған мақсаттары мұнымен шектелмейді. Әріптесім Асылбек Данияр жалғастырады.

32 жастағы Айдос туғаннан сал аурымен ауырады. Оның бала күнгі арманы каратэ спортының шебері болу. Мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, арманға жету үшін аянып қалмаған. Балдақпен спорт залына алғаш келгені де, әлі есінде. Қазір оны тастаған. Оған қоса Жапон тілін үйреніп жүргенін айтты.  

Айдос МЕДЬЯНОВ, І ТОП МҮГЕДЕГІ:

Мақсат қойдым қара белбеуге жетуге, осы жолда 8 жыл жаттықтым.  Келешекте Жапонияға барып үйде отырып қалған, өмірге өкінетін, қорқатын мысалы дені сау жігіттер қалай қарайды деп. Осындай балаларды залға кіргізіп , келешекте даярлауға мүмкіндігі шектелген балаларды.

Спортшыны бастапқыда ешқандай жаттықырушы қабылдамапты. Қазіргі жаттықтурышысын  интернеттан тауып алған. Рүстем Сұлтанбеков туа бітті сал ауруына шалдыққан спортшымен жұмыс істегенін көріп, қолқа салған. Ұстазы денсаулығына кері әсері болуы мүмкін екендігін ескерткен. Бірақ Айдос алған бетінен қайтпады дейді. Дегенмен жаттығу жұмыстары оңайға соқпаған.
 
Рүстем СҰЛТАНБЕКОВ, А.МЕДЬЯНОВТЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Әрине, айтарлықтай қиын болды. Өйткені ол үшін алаңдадым. Бірақ Айдостың жанкештілігі мені таңқалдырды. Аптасына үш рет бір жарым сағат жаттығады. Спортзалға бара алмаған кезде де, жаттығуды үйде жалғастырды. Нәтижесінде қара белбеу емтиханына толығымен дайын болды - денесімен де, рухымен де. Мен адамдарды сау және дені сау емес деп бөлмеймін.

Еңбек еш кеткен жоқ. Арман орындалды. Ерекше спортшы қара белбеу иегері атанды.

Айдос МЕДЬЯНОВ, І ТОП МҮГЕДЕГІ:

Өзіңді кем деп санамай тырысу керек. Иә, өмірде қиындықтар болады. Барлық есіктер бірден ашыла салмайды. Бірақ та өздері тырысып бүкіл жерге бару керек. Меніңше, адам тырыспаса ештеңе болмайды.

Айдос мұнымен тоқтап қалмайтынын айтты. Жаттығуларын жалғастыра бермек, болашақта өзі сияқты жандарды каратэге даярлауды мақсат етіп отыр. Бұдан өзге жетістігі де аз емес. 4 тілді жетік меңгерген спортшы, заңгер мамандығы бойынша білім алып жүр.

А. Данияр