Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қызылжарда "Nur Otan" партиясының праймеризіне қатысушылар кәсіпорында болды

Қызылжарда "Nur Otan" партиясының праймеризіне қатысушылар кәсіпорында болды

Қызылжарда, "Nur Otan" партиясының праймеризіне қатысушылар коммуналдық компанияларда болды. Бірнеше кандидат Петропавл жылу жүйелері кәсіпорнының ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Олар әртүрлі саладағы проблемаларды көтергенімен, ұқсас тұстары да бар. Мәселен әлеуметтік мәселелер, мемлекеттік органдардың жұмысындағы көлеңкелі тұстары оларды да алаңдатады. Айта кету керек, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында "Nur Otan" партиясының праймеризіне 600-ден астам адам бақ сынайды. Қазір жер жерде бағдарламасын жариялап жатқан үміткерлер, келесі аптадан бастап жарыссөзге кіріспек.

А. Құрманкин