Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / «Nur Otan» партиясы мүмкіндігі шектеулі жасөспірімге қоларба табыстады

«Nur Otan» партиясы мүмкіндігі шектеулі жасөспірімге қоларба табыстады

Халықтың мұң-мұқтажына қарайласу - партияның парызы. «Nur Otan» партиясының Тобыл өңіріндегі өкілдері 10 жастағы баланың тілегін орындап, сұрағанын сыйлады. Сирек кездесетін дертке шалдыққан Екатерина Бузмакова Лисаков қаласында тұрады. Ата-анасы қаршадай қыздың еміне көп қаражат жұмсайды. Содан болар қоларба алудың сәті түспеген. Жасөспірімнің анасы қалалық филиалға жүгініп, көмек сұраған. Оксана Бузмакова онлайн қабылдауға жазылып, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі Назиля Раззакқа шықты. Ол көп балалы ананың мәселесін шұғыл шешіп беруге сөз берген. Партиялықтар «Кедергісіз келешек» жобасы аясында уәдені орынды.

Эльдар  КҮЗЕНБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Лисаков қаласына ат басын бұрып Бузмаковтар отбасында болдық, қоларба тарту еттік. Көмек демеушілер мен меценаттардың қолдауымен көрсетілді. Көп балалы отбасы былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үш бөлмелі арендалық баспана алғанын атап өткім келеді. Орайы келгенде айта кетейін қазір қоғамдық қабылдау жұмысы онлайн режимінде үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Оксана БУЗМАКОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:


Өте ризамыз. Көмек сұрағанда қолымызды қақпай, қол созғаны үшін алғысым шексіз. Қызыма қолайлы қоларба тарту етті. Рахмет!


З. Санай