Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған иппотерапия орталығы ашылды

AstanaTV
14.09.2020ж. 20:00
3231
Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған иппотерапия орталығы ашылды

Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған иппотерапия орталығы ашылды. Онда балалар атқа мініп, мамандар бақылауымен арнайы терапиядан өтеді. Аттың емдік қасиеті бар екені иісі қазаққа бұрыннан белгілі. Оған, мамандардың да көзі жетті. Иппотерапиядан тұрақты екі жыл өткен мүгедек баланың денсаулығы жақсарыпты. Осыдан кейін дәрігерлер арнайы орталық ашуды жоспарлапты. Оңалту орны «Rakhym» қайырымдылық орталығы жанынан құрылды. Орталықта осы күннің өзінде 70-ке тарта бала емделіп жүр.

Жұлдыз ТӨЛЕГЕНОВА, «RAKHYM» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ:

Бізде «Rakhym» орталығында балалардың барлығына көрсетіліп жатқан қызметтің бәрі тегін. Әрбір маман балалармен диагнозына, жасына қарай белгілі бір бағытпен жеке жұмыс жасайды. Иппотерияның балаларымызға маңызы өте зор, өте қажет.


Иппотерапия орталығы «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында қолға алынған. Аталған жобаның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсету және балалардың өмірге деген жігерін шыңдау. Сонымен қатар, мұнда жалғыз басты қарттарға арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы да өз жұмысын бастады.

А. Кемелжан