Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

"Ауру белгілері құс тұмауына ұқсас" - Солтүстікте 12 мың құс қырылып қалды

AstanaTV
15.09.2020ж. 20:00
3317
"Ауру белгілері құс тұмауына ұқсас" - Солтүстікте 12 мың құс қырылып қалды

Күні кеше ғана Солтүстік Қазақстан облысында 700 құстың көзі жойылғанын айтып едік. Облыстық ветеринария басқармасы, үй құсының белгісіз дертке шалдыққанын айтқан. Алайда, жергілікті биліктің ресми дерегіне шаруалар нанбай отыр. Айтуларынша, аймақта 700 емес 12 мың бостан бос қырылып қалған. Оған Ресейден шыққан "Құс тұмауы" себепкер ме? Анығын әріптесім Абзал Құрманкин анықтап көрді.

Якорь ауылының тұрғыны Александр Засыпкиннің құс шаруашылығымен анйалысқанына 5 жылдан асты. Тәжірибелі шаруа мұндай індетке алғаш рет тап болғанын айтады. Қаздары күн санап емес, сағат санап азайып барады екен.

Александр ЗАСЫПКИН, ШАРУА:

500 қазым бар еді. Жүзі ғана қалды. Күнде өртеп жатырмын. Ветеринарлар антибиотик беріңдер дейді. Бірақ одан нәтиже жоқ.

Бұқараның айтуынша, тек Якорь ауылының өзінде жеті мыңға жуық құс қырылып қалған. Білікті шаруалардың айтуынша, белгісіз дерт қаздардың ішегіне емес жүйкесіне әсер еткен.

Жаңалық САЛҒАРИН, ШАРУА:

Барлық симптомы птичий гриппқа келеді. Бірақ біздің әкімшілік мұны мойындамай отыр. Міне көрдіңіздер ме? Слепота, ештеңе көрмейді. Нерв жүйесін зақымдағаннан кейін судорога осылай басталады. Аяғын жұлқылап жатады. Өзіңіз көріп отырғандай. Судорога басталды міне. Бір сағаттан кейін бұл қаз өледі.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Ал шекараның бойында тұрған Красный яр ауылындағы Шалаева шаруашылығы бақандай 5 мың қазынан айырылғанын хабарлады. Құс тамыздың аяқ кезінде ауыра бастапты. Осы күнге үш мың қазды өртеп жіберген олар қандай да бір шығынды ақтап алу үшін екі мың басты қидың арасына көміп тастапты.


Нина ШАБАНОВА, ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРУШЫСЫ:

Ветеринарлық қызметтен мамандар келді. Сараптаманы алған жоқ. Өздерің өртеп жіберіңдер дейді. Ал, біз өлген қаздарды санап алуын күтіп отырмыз. Өтемақы туралы да әзірге ауыз ашпады.

Ветеринарлар БАҚ өкілдеріне кеше ғана сұхбат беріп, облыста не бары 700 құс өлді деген ресми ақпарат таратқан еді. Шенділер 3 аудандағы оқиғаны айтқан.

Қайролла ҚАЗАНОВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Кеше бұл ақпарат құстар қырылып жатыр, өліп жатыр деген ақпарат менде болған жоқ. Үш аудан бойынша болды. Мен оны айттым. Құстардың өлекселерін мен көрген жоқпын, біздің мамандар да көрген жоқпыз дейді. Осында қыркүйектің тоғызынан бастап он үйде болыпты құстың қырылғаны.


Құстарды мыңдап қырып жатқан белгісіз дерт адамға қауіпті ме? Бұл сұраққа мамандардың тұщымды жауабы жоқ. Құс тұмауы ма? Ол да белгісіз. Ветеринарлар сараптама қортындысын бүгін жариялауы тиіс еді. Алайда, шенділер әзірге үнсіз отыр.

А.Құрманкин