Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбе облысында Ойыл өзені құрып барады

AstanaTV
15.09.2020ж. 20:00
6304
Ақтөбе облысында Ойыл өзені құрып барады

Солтүстікте үй құсы қырылып жатса батыста балық өзенімен бірге құрып барады. Ақтөбенің Ойыл өзені тартылып, құрғап қалған. Тұрғындардың айтуынша, аймаққа экологиялық қауіп төніп тұр. Кезінде аққулар қонған өзенді осы күнде ит жалдап өтетін болған. Аймақтағы алаңдаулы ағайынмен тілішімз Бақыт Рахметов сұхбаттасты.

Ақтөбедегі Қызылбұлақтан бастау алып Атыраудағы Тайсоған құмына барып сіңетін ірі өзен осы күнде шағын ғана арыққа айналды. Кезіндегі 800 шақырымдық судың тартылып бара жатқаны жергілікті тұрғындардың арқасына аяздай батты.

Ерсұлтан МАКСИМОВ, ҚАРАТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Мынау Ойыл арнасы Ойылымыз біздің мақтаныш ететін енді дым су жоқ. Мына лиманға шығатын судан дым қалған жоқ. Арна кетсе барқын кетеді. Барқын кеткен соң мұнда ел тұрғыны болмайды.

Тұрғындардың айтуынша, бұрындары Ойылда су реттелетін. Арнайы салынған бөгет судың тиісті бөлігін егіндікке бөлетін. Қазір ол жоқ. Платинаның жартылай ашық тұрғанына талай жыл болды.

Серікқали ҚҰЛТЕМІРОВ,ҚАРАТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Суды қалпына келтіру үшін ең бірінші кезекте мынаны жабу керек. Билік Атырауда болса биылша сол Атыраумен келісімге отыру керек. Майдың 30 на дейін бір жыл көрейік жауып деу керек.


Бөгет өз алды. Ойылға құйылатын бұлақтар да ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кетіпті. Әр қайсысының бір-бір қожайыны бар. Өзенге құйылатын суды олар, өз керегіне жаратады, дейді ауыл тұрғындары. Алайда, халықтың бұл сөзін жергілікті шенеуніктер теріске шығарып отыр.

Аслан КЕНЖЕБАЕВ, ОЙЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қазіргі таңда Ойыл өзенінің мәселесі бойынша аудан тарапынан біздер аудандық мамандарын тартып отырып қарап шықтық бітелген бөгелген жерлер бар ма екен. Қазіргі таңда аудан аумағында ондай жерлер анықталған жоқ.


Шенділердің айтуынша, Ойыл адам қолынан құрып бара жатқан жоқ. "Ол табиғи құбылыс", дейді мамандар. Қар мен жауын суы жетпей жатқан көрінеді.

Ғалидолла ӘЗИДУЛЛИН, «СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫ» ММ БАСШЫСЫ:


Екі жыл бойы екі су торабында да су жиналған жоқ. Су жинайтындай мүмкіндік болған жоқ. Себебі қыстың қарсыз болуына байланысты, жердің ылғалдығы жоқ болуына байланысты.

Ал, ауыл тұрғындары оңайлықпен берілетін емес. "Табиғат ананы айыптамай Ойылды аман алып қалайық", деген бастама көтерді. Бұлақ көздерін ашып өзенді суға толтыру керек ұсыныстары бар. Белсенділер екі облыс әкімі мен бірнеше министрлікке арнайы хат жолдапты. Атқамінерлерден жауап әзірге келмеген...

Б. Рақметова