Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қостанай облысында қос пәтерлі үй өртеніп, 7 жастағы бала жан тапсырды

AstanaTV
16.09.2020ж. 20:00
2353
Қостанай облысында қос пәтерлі үй өртеніп, 7 жастағы бала жан тапсырды

Тобыл өңіріндегі Береговой кентінде қос пәтерлі үй өртеніп, 7 жастағы бала жан тапсырды. Ал, оның әжесі ауыр халде ауруханада жатыр. Оқиға Бейімбет Майлин ауданына қарасты Береговой елді мекенінде таңғы сағат жеті шамасында болған. Қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпып өткен. Өрт сөндірушілер отқа оранған үй ішінен баланың денесін алып шықты. Ал, оның ауыр хәлдегі 61 жастағы әжесі аудандық ауруханаға жеткізілген.

Азамат ОРЫМБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алдын –ала болжам бойынша өрттің себебі ас бөлмесінде плитаның үстінде қараусыз ас қалдырған деген болжам болып отыр. Нақты себептерін тексеріс нәтижесі бойынша Бейімбет Майлин полиция бөлімі арнайы тексеріс жасап жатыр. Соның қорытындысы болады.


Жыл басынан бері өңірде 722 өрт оқиғасы тіркелген. 18 адам қайтыс болып,  9 тұрғын зардап шеккен. Мамандардың дерегінше өрттің 60 пайызы жеке секторда болған.

З. Санай