$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Қызылжарда жатақхана өртенді

AstanaTV
16.09.2020ж. 20:00
1882
Қызылжарда жатақхана өртенді

Ал, Қызылжарда жатақхана өртенді. Тілсіз жау Назарбаев көшесіндегі ғимараттың бірінші қабатынан шыққан. Өрт әп-сәтте лаулап, 5 қабатты баспана тұтастай түтінге оранды. Төтенше жағдай мамандары, арнайы баспалдақтардың көмегімен іштегі адамдар құтқарды. Олардың арасында 9 бала бар. Абырой болғанда адамдар дін аман. Өрт екі сағаттан соң ғана ауыздықталған. Әлеуметтік желіде газ баллоны жарылды деген ақпаратта жедел тарады. Бірақ мұны құтқарушылар жоққа шығарды  

Нұрлан АТЫҒАЕВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Газ баллоны жарылды деген ақпарат жүр. Ол шындыққа жанаспайды. Алдын ала болжам бойынша сымдардың тұйықталуынан өрт шығуы мүмкін. Қазір нақты себебі мен шығын көлемін анықтап жатыр. Төтенше жағдай қызметіне өрт туралы хабар сағат 11:04-те түсті. Оқиға орнына 6 өрт сөндіру техникасы мен 3 автобаспалдақ жіберілді. Нәтижесінде 50 адам эвакуацияланды. Оның 29-ын біз алып шықтық.

А. Құрманкин