Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Карантин кезінде, әжетхана қағазы өндірісінің табысы 5 есеге артқан

AstanaTV
16.09.2020ж. 20:00
2757
Карантин кезінде, әжетхана қағазы өндірісінің табысы 5 есеге артқан

Сізге өтірік маған шын. Әжетхана қағазы өндірісінің табысы карантин кезінде 5 есеге артыпты. Мұны өндіруші компаниялардың өздері айтып отыр. Ресми дерекке жүгінсек жалпы еліміз бойынша соңғы жеті айда дәрет-қағаз өндірісі 30 пайызға жуық өсіпті. Ол қалай? Әжетхана қағазын кім не үшін алып жүр? Әлішер Өмірзақтың материалы.

Бұл АҚШ-тағы жағдай. "Карантин басталып, дүкен жабылады", деген сыбыс шыққанда ел азық-түліктен бұрын осы әжетхана қағазын талап алып қойыпты. Күлетін жағдай емес. Бізде де тура осы. Energyprom сарапшылары келтірген дерекке сенсек. Дәрет-қағаз саудасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есеге артып, 48,3 млрд теңгеге жетіпті. Яғни, әжетхана қағазы мол табыс көзіне айналған. Мұның қостанайлық кәсіпкер Игорь Пирог растап отыр. Биыл ол 5 есе артық пайда көріпті.

Игорь ПИРОГ, «РБК PLUS» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Карантин кезінде жұмысымыз қызды. Бүкіл Қазақстанды толық қамтуға дайынбыз. Бірақ супермаркет, гипермаркеттер Ресей, Қырғызстан секілді шетел өніміне акцент қойып, солардан алады. Қазақстандық тауар өндірушілер сапалы өнім шығарады дегенге сенбейді.

Айтса айтқандай. "Отандық", немесе "шетелдік" өнім дегенге халық қарайтын емес.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Елордадағы ірі сауда орталықтарының біріндеміз, тұрмыстық химия бөлімі. Мұнда карантиннің алғашқы күндеріндегідей үлкен ажиотаж байқалмайды. Дәретхана қағазын көптеп сатып алып жатқан халықтың да қарасы аз. Түр-түрі бар. Арзаны 50 тг басталса, қымбаты 1000 тг. Дегенмен бұл дәретхана қағазы әлеміндегі ең қымбат баға емес. Бір дәретхана қағазының құны 15 доллардан 100 долларға дейін жетеді. Ал Жапонияда, мына секілді әдемі, қымбаттауларын бір-біріне сыйға тартады екен.

Ә. Өмірзақ